Мейірім шуағы тауылмасын!Ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мейірім шуағы таусылмасын!

Мақсаты: Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;

  • мейірбандылыққа тәрбиелеу;

  • Сара Алпысқызының өмірбаянымен танысу;

  • Сара Алпысқызының мейірімділігін, қамқорлығын сезіну;

Көрнекілігі: оқушылар шығармашылығы, стендтер,үнтаспа, түрлі - түсті

карандаштар,плакаттар.

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып,қолдарының жылуын сезіну. Бір - біріне тілек айтып, мейірімділік көрсетеді.

Күлімдеген күн мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қадірлі әкем мейірімді

  • Әлпештеген әжем мейірімді!

  • Еркелеткен атам мейірімді!

  • Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

  • Тату - тәтті достарым мейірімді!

Әңгімелесу.

Оқушылармен пікірлесе отырып, сұрақтарға жауап беру.


  • «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер ?

  • Ана баласын қандай жақсы қасиеттерге баулиды?

  • Сіздер мейірімділікті,қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

  • Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Назар аударыңыздар!

Оқушыларды Қазақстанның Бірінші ханымы, «Бөбек» қорының президенті, Н.Ә.Назарбаев елбасымыздың жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 70 жасқа толу туған күнімен құттықтап, өмірімен таныстыру.

Дәйексөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қойып және оның мәнін түсіндіреді.

  • «Ел анасы» аталатын бүгінгі туған күн иесі Сара Алпысқызына айтар өз пікірің.

  • Өз анаң мен Сара Алпысқызының мейірімділігі туралы не айтасыңдар?

Тыныштық сәті.

Әуен тыңдау арқылы оқушы өз сезімімен сырласу. Әуен арқылы таза ауада тыныстап,демін терең жұтып, «Жаман эмоциядан» арылып, «Жақсы эмоцияны» ой елегінен өткізеді. Бойына жақсы қасиеттерді сіңіреді.Қасиеттерді салыстыра біледі.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар өз мінез - құлықтарына байланысты өз бойындағы қасиеттерін жинақтай келе, қалаулары бойынша сурет салып,қорғап,әңгімелеп береді.

Дәптермен жұмыс.

«Мейірімділік» сөзіне адам бойындағы қасиеттерді осы сөздегі әріптер арқылы табуы керек.

Ойын - жаттығу.

«Мен сені жақсы көремін»

Оқушылар ақ қағаз бетіне сыныптағы оқушыларға, Сара Алпысқызына, пәнге деген жүрек жарды өз сүйіспеншіліктерін білдіріп, тілектерін арнап жазып, бүктеп, жинайды. Ақ тілектер жазылған парақтар араластырылып,бір - бірден әр оқушыға таратылады. Алған оқушылар тілекті оқып, рахметтерін айтады.

Қорытындылау.

Дәптерге күннің көзін салып, нұрын шашқан шуақтарына парталастарының қасиеттерін жазып, жариялап, қорытындылайды. Бүгінгі сабақта түйген ойларын ашық айтады.

Ата - ана ----------------- Мұғалім ---------------Мектеп

(оқушының таңдауы)

Бозторғайым Әні: Е.Хасанғалиев

  1. Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой,кең далама бауыр басқан

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым,

Жылы ұяңа қонбайсыңба,бозторғайым.

Даланы мен де,

Сүйемін сендей,

Бауырмал құсым

Назыңнан әсем

Сазыңнан әсем

Жаңылма құсым

Тауқымет тартып

Торықпа,жаным

Қорықпа, жаным

Құшағымды ашып,

Кеудеме басып,

Берейін жалын.

  1. Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой,кең далама бауыр басқан

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым,

Жылы ұяңа қонбайсыңба,бозторғайым.









© 2010-2022