Жүреді, ұшады, жүзеді тех карта

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Жүреді, ұшады, жүзеді»

Мақсаты: Көліктер және олардың қолданысқа сай болуы туралы балалардың түсінігін жалпылау. Заттарды қарау, зерттеу. Олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін атай білуін бекіту (жүреді, ұшады, жүзеді).Заттардың тобын білдіретін (машиналар, ұшақтар т.б.) сөздерді меңгерту.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап,ойын т.б.

Көрнекіліктер: Суреттер, макеттер т.б.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық қозғаушы

Балалар топқа кіреді. Тәрбиеші жылы жүзбен қарсы алып, амандасады.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң достар,

Қайырлы таң қонақтар!

Балалар амандасып, шаттық шеңберіне тұрады.

Бір - біріне жылу сыйлап, ыстық лебіздерін, тілектерін жолдайды.

Ұйымдастырушылық -ізденушілік

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

-Көктем айларын атайықшы.

Қазір көктем мезгілінің қай айы?

Осы кезде есік қағылып, ішке пошташы Желаяқ кіреді.

(Қолында үш түрлі жәшік бар.)

Желаяқ балалармен амандасады.

-Бұл «Қарлығаш» балалар бақшасының «Шұғыла» тобы ма?

- Олай болса бұл сыйлық сендерге келіпті. Балалармен қоштасып шығып кетеді.

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Наурыз, сәуір, мамыр.

Қазір наурыз айы.

Сәлематсыз ба?

-Иә, иә.

Балалар: -Сау болыңыз.

Тәрбиеші: - Балалар, бұл сыйлық сендерге көрші ауылдан «Қызғалдақ» балабақшасынан келіпті.Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

Жәшіктердің түстерін сұрап, айтқызу.

Тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып, балаларды қасына кезекпен шақырып, жәшіктерді аша бастайды.

Ашқан бала жәшік ішіндегі бұйымды жұмбақ арқылы айтып, қалған балалар бұйымның атауын табуы керек.

  1. Қоңыр жәшікті ашу.

Нұрсәт: - Бұл - жүреді. Ағалар, әкелер жүргізеді.Түстері әр түрлі болады. Төрт дөңгелегі болады. Онымен адамдар әр түрлі қалаларға, базарға барады.

  1. Ақ жәшікті ашу.

Ералы: - Бұл жүрмейді. Аспанда ұшады. Ол тек үлкен қалаларды болады.

  1. Көк жәшік ашылады.

Жанерке: - Бұның дөңгелегі жоқ. Жүрмейді, ұшпайды. Тек су болса ғана болады. Кейбіреулерінде желкен болады.

Сұрақ - жауап арқылы машина, ұшақ, кеменің бөлшектері, қолданылуы туралы балалардың білгендерін айтқызу, сипаттама беру.Көліктерді топтау және жалпылау. Көлік түрлерін басқаратын мамандар туралы әңгімелеу.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап».

Шарты:Машина, ұшақ, кеменің

суреттерін өз орындарына (жер, ауа, су) қою. Ойын қорытындысы бойынша балаларды мадақтап, көліктер туралы әңгімені жалғастыру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрып

Қанатымызды жайып

Ұшақ болып ұшып,

Суда жүйткіп жүзіп

Кемелерді түзіп.

Жол тәртібін сақтап,

Машинаға мінеміз.









Дидак


Таңырқап, қызығушылықпен қарайды.

-Иә, көргіміз келеді.

Қоңыр, ақ және көк жәшіктер.





-Машина.

-Ол - ұшақ.



-Кеме.

Берілген сұрақтарға өз білгендерінше жауап береді.

Ұшқыш, шофер, мотрос туралы білгендерінше айтады.

Кемені- суға, машинаны- жерге, ұшақты -әуеге орналастырады.

Тақпақты айтып тұрып, қимылмен орындайды.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық».

Шарты:Берілген парақтағы суреттердің ішінде көліктер және көлікке жатпайтын бір зат бейнеленген.Артық затты сызып тастау керек.

Балалар парақтағы суреттермен танысып, көлікке жатпайтын артығын сызып тастайды.

Коррекциялаушы- қорытушы

Ал, балалар, көлік түрлері туралы тақпақ білетін кім бар? Кім айтады?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін сұрақ - жауап арқылы қорытындылау.

Сонымен біз нені білдік?

Ұшақтың ұшатынын, кеменің жүзетінін, машиналардың жерде жолмен жүретінін, оларды басқаратын арнайы манандардың болатынын білдік.



Ойын: «Кім жылдам?».

Шарты: Машина суретіне байланған жіптің ұшындағы қарындашқа жіпті орап, машинаға жету керек. Бірінші жеткен адам жеңімпаз болады.

Жеңімпазды марапаттау.

Санжар:

Ұшағым бар ойыншық,

Ұшырмасам ұшпайды.Айналам деп аспанда шаршағанға ұқсайды.

Гүлсезім:

Досым маған ойыншық

Машинасын сыйлады.

Бірақ оның ішіне Саусағы да сыймады.

Темірлан:

Ойыншығым торғайды Тракторға мінгіздім.

Жер жыртуды үйретіп

Жолсыз айдап үйреттім.

Ойынға төрт бала қатысады. Ойынды қызыға ойнайды.

Балалар жетістіктеріне қуанды.

Нәтиже:

Білуі:Көлік түрлері туралы түсініктері бар.Ұшақтың әуеде ұшатынын, кеменің суда жүзетінін, машинаның жерде жолмен жүретінін біледі.

Түсінуі:Машинаны - жүргізуші, ұшақты - ұшқыш, кемені - мотрос басқаратынын білді.

Үйренуі:Көліктерді топтап, жалпылап атауды үйренді.



© 2010-2022