Қазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарий

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 44 «Мерей» бөбекжайы



«Менің Қазақстаным -

менің болашағым!»


Дайындаған: Талиева А.Ғ



Орал 2014

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым!»

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.

Өз республикасын танып -білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жасыл үлкен ширма орнатылған (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:

  1. Туған жер - алтын бесік.

  2. Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.

Жүргізуші: Іс - шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)

-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.

Қазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарийБіздің ұлттық тіліміз -қазақ тілі.

Республикамыздың президенті - Н.Ә.Назарбаев.

- Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының МҚазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарийемлекеттік Туы - көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түсті.

Балалармен сұрақ -жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.

- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.

- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

- Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

- Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір .

- Неге ұқсайды?

- Аспанға ұқсайды.

- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

Балалардың жаттаған «Қазақстан жалауы» деген өлең жолдары тыңдалады.

1 - бала: Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс -тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

2 - бала:Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп -тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

3 - бала: Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

4 - бала: Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны - ақиқат.

Алтын торда алтын торда бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат

5 - бала:Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

6 - бала: Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе - мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің -
Ырысым!...


Жүргізуші: - Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).

Мақал - мәтелдер:

1- бала : Отан - елдің анасы, Ел - ердің анасы

2- бала : Отанды сүю - отбасынан басталады

3- бала : Отансыз адам - Ормансыз бұлбұл

4- бала : Ел іші - алтын бесік

5- бала : Еңбек түбі береке, Көптің түбі мереке


Жүргізуші: - Сөзжұмбақты шешу (интерактивті тақтада)

Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой-пікір. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.
Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан - белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
1.Қазақстанның ауа райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3.Қазақстанның елбасы кім?
4.Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
5.Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
6.Қазақстанның ұлттық валютасы не?
7.Қазақстан неге бай?

Жүргізуші: -Қане, балалар шаршаған болармыз, бойымызды сергітіп алайық Музыкалық ырғақты қимыл: «Бір оңға, бір солға!»

Жүргізуші: -Ата -бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі. Менің елім - Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы,

деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар. Ендеше еркін құстай самғай аламыз. Ендеше биімізді тамашалайық.

Би: « Аққу»

Жүргізуші : Қазақстан туған өлкем.

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

Қазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарий





Жүргізуші: -Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан - жақты білімді болу - міндеттерің.

«Туған жер -алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі ойын-сауық кешімізде «Балабақша» әнін орындаймыз.

Ән: «Балабақша»

Жүргізуші: - Барлық айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік - деп бүгінгі ойын-сауық кешімізді аяқтаймыз.

© 2010-2022