- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Сабақ Төрт түлігім ырысым
Сабақ Төрт түлігім ырысым
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Кожамуратова Г.Н. |
Дата | 06.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Тақырыбы: Төрт түлігім -ырысым
Білім беру саласы: Қатынас , әлеуметтік, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет, сурет
Мақсаты: Төрт түлік малдың әрқайсысының пайдасы, төлі, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету, дыбыстарды дұрыс және анық айтуға үйрету. Балалардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін қомқорлық сезімін қалыптастыруға, оны бағып, күту қажеттілігін сезіндіру
Көрнекіліктері: Төрт түлік малдың суреттері
Керекті құралдары: Түрлі -түсті бояулар, қыл қалам, сүлгі, ыдысқа құйылған су
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
«Жылулық» шеңбері
Балалар, сендерді әке-аналарың, ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
-
Мені әжем «құлыным» деп еркелетеді
-
Мені анам «кішкентай лағым» деп еркелетеді
-
Мені әкем «қошақаным» деп еркелетеді
-
Мені атам «ботақаным» деп еркелетеді
Сендерді үлкендер жақсы көріп, төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің аттарымен еркелетеді екен.
Енді , балалар, біз бір санамақ айтайық. Саусақ санау ойыны: «Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш
Балаларға бидай шаш
Тауықтарға тары шаш,
Бас бармақ
Балан үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
Сен тұр- қойына бар!
Сен тұр- жылқыңа бар!
Сен тұр -ешкіңе бар!
Сен тұр-сиырыңа бар!
Сен тұр- түйеңе бар!
Балалар, сүт, айран, қымыз, май, құрт сияқты тағамдар төрт түлік малдан алынады
Ұйымдастырушылық- ізденушілікте
-
Балалар, ежелден қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Малды көлік ретінде пайдаланамыз, сүтін ішеміз, етін жейміз, терісінен киім тігеміз. Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп- бағуды, көбейіп өсіруді игерген. Халқымыз өздерінің тіршілік , шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Балалар, айтыңдаршы жануарлар нешеге бөлінді?
-Жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер соны тауып көріндер
Жұмбақ:
Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Сауғанда жаның сүйсінген,
Ірмішік пен құрт, майы
Жегенде тілді үйірген
-Сиыр
-Дұрыс (суретін көрсетеді), ал сиырдың төлін қалай айтамыз?
-Бұзау
-Дұрыс, сиыр мен бұзау қандай дыбыс шығарды?
-«Мө-мө-мө» деген дыбыс шығарды
-Сиырдың адамға пайдасы көп екен, сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз қажет. Сиырға жем шөп берерде , суарарда оны қалай шақыратынын білесіңдер ме?
-«Аухау-аухау» деп шақырды
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар
-Бұл не?
-Қой
Жарайсыңдар, (балаларға қойдың суретін көрсетіледі) ал қой қалай дыбыстайды?
-«мә-мә-мә»деп маңырайды
-Қой төлін не дейміз?
-Қозы қошақан
-Ал қалай шақырады?
-«Пұшайт-пұшайт» деп шақырады
Секең-секең секірген
Сақалы желмен желбіреген
Ақ мамықтай жүні бар,
Ішсең емдік сүті бар
-Балалар кім жауабын айтады? Бұл не?
-Ешкі
-Мүйізі
-Иегінде несі бар?
-Сақалы
-Ешкі төлін не
-Лақ
-Ешкіні, лақты қалай шақырамыз?
-«Шөре-шөре» деп шақырады
Мінсең желдей шабады,
Бәйгеден орын алады
-Бұл қай жануар?
-Жылқы , ат
-Дұрыс, жарайсыңдар, ал жылқы төлін не деп атаймыз?
-Құлын
-Жылқы мен құлын қандай дыбыс шығарды?
-Кісінейді
-Жылқыныдауыстап қалай шақырады?
-«Қырау-қырау»
Деп шақырамыз
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
-Бұл қай жануар?
-Түйе
-Дұрыс, түйенің екі өркеші бар. Балалар сендер түйенің шұбатын ішіп көрдіңдер ме?