Бірлігіміз жарасқан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірлігіміз жарасқан.

Тренинг-сабақ.

Мақсаты: «Бірлік» ұғымының мәнін түсіндіру,балаларды достыққа,мейірімділікке,сыйластыққа,қамқорлық жасай білуге,зейінділікке тәрбиелеу.Сөйлеу тілін, жалпы ой-өрісін жетілдіру.

Міндеттері: бірлік туралы түсініктерін кеңейту,өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: суретті көрнекіліктер,көрініске қажетті аттрибутар,жүрекшелер.

Шаттық шенбері.

Балаларды шаттық шенберіне ұйымдастыру.

Педагог: Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Педагог: Ал,балалар,орыс тілінде қалай сәлемдесеміз?

-Здравствуйте!

-Балалар,біз қандай шеңберге жиналдық?

-Біз Шаттық шенберге жиналдық.

-Өте тамаша,балалар.Мұндай шеңберде тұрудың үлкен ерекшілігі бар.Өйткені шаттық шеңбері бізге күн сияқты жылу береді.Шеңберде турып бір-біріміздің жүзімізді аңык көреміз, қуанамыз,шаттанамыз.Шеңбер бойында бір-бірімізге тек жақсы тілектер тілейміз.

-Ал енді,балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Бәріміз қонақтармен сәлемдесіп,бүгінгі күнге арналған өлең жолдарын қайталайықша.

Күннін қөзі ашылып,көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті.

Тәрбиенің басы бұл,мейлі қайда жүр сен де,

Ал қанекей бәріміз, «Сәлем!» дейік үлкенге.

Қуанамыз біз де, қуаныңыз сіз де,

Күліп шыққан күнге!

Балалар орындарына жайғасады.

-Балалар,сендер «Бірлік»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Бірлік дегеніміз-ұйымшылдықпен бірігу,татулықта бірлесіп,бір істі бітіру.Бүгінгі тренинг-сабағымыздың тақырыбы «Бірлігіміз жарасқан»деп аталады.

«Құмырсқа»ертегісін көрнекілікті пайдалана отырып,әңгемелеу.

Педагог: Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді?(қиналған кезде)

-Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?(дәнді бірлесіп көтеру арқылы танытты).

-Міне,балалар,ұйымшылдық,татулық болса,бірлік, достық орнайды екен.Адамдар болсын,жәндіктер болсын,бәрі бірігіп жұмыс жасаса,кез келген жұмыс тез,әрі нәтижелі орындалады.

Педагог: Балалар,адамдар арасында бірліктің, татулықтың болуы мейірімділікке байланысты болады екен.Егер адамдарда қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық сезімдері болмаса бірлік,ынтымақ болмас еді.Сондықтан да мейірімділік бізді достыққа,бірлікке жетелейді.

-Енді қазір «Мейірімділік мекені» көріністі тамашалайық.

«Мейірімділік мекенінде» бір еңбекқор да,мейірімді ана тіршілік етіпті.Ол қашанда тыным таппай еңбек етіп,айналасындағы адамдарға да қамқорлық жасап,бауырмалдық танытып жүреді екен.Бір күні ол,мекенде серуендеп жүрген балаларға уылжып піскен алма береді.

Ана: балаларым келіңдер,мінекей мына алманы жей қойындар,-дейді.

Балалар алманы жеп болғаннан кейін:Апа,алмаңыз өте дәмді екен.Рахмет!-дейді.

Ана: ол алғысты маған емес,жақсы алма өсіргені үшін Бақшаға айтыңдар.

Балалар Бақшаға келіп:Бақша,бақша тәтті алма бергенің үшін рахмет!

Бақша: оны бізге емес,қара топырақты,қайырымды Жерге айтыңдар.

Балалар:о-о,Жер-Ана! Тәтті алтаң үшін рахмет!

Жер: ол алғыстарыңды маған емес,Жаңдырға айтыңдар.Жаңбыр болмаса жер көктеп,бақша гүлдемейді.

Балалар:Рахмет саған,жомарт Бұлт!Сенің мейіріміңе сусындаған алманы біз жеп рахаттандық.

Бұлт: ол алғыстарыңды маған емес,нұр үстіне нұр төгіп,бар мейір-шапағатын сепкен құдіретті күнге айтыңдар.

Екі бала қара көзілдіріктерін киіп,Күнге қарайды.

-Уа,әлемге шексіз жылуын берген мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған алма қандай тәтті еді.Саған көп-көп рахмет!

Күн: ол алғысты маған емес,алманы көшет кезінен отырғызып,дамылсыз баптап, қамқорлық жасап,бар мейірімін төккен Адамға алғыс айтыңдар.Оны дәмді еткен Адамның еңбегі!

Балалар Анаға жүгіріп келіп: Апа,апа!Бұл алма сіздің мейіріміңіздің арқасында тәтті болған екен.Көп рахмет сізге!

Сонда Анасы: не нәрсеге болсың,жеміс өсірген бақшасы болса да,бала тәрбиелеген ұстаз болса да,бар істе ынта-ықыласымен қамқорлық көрсетіп,мейірімделін аямаса,ол еңбегінің жемісін көреді,балаларымСендер де мейірімді,қайырымды, еңбеққор азамат болып өсіңдер,балапандарым!

Педагог: Міне,балалар!Мейірім тек адамдарға ғана емес,барлық тіршілік иесіне,табиғатқа да,жан-жануарларға да өте қажет екен.Біз бүгін бірлік туралы білдік.Бірлік дегеніміз-бәрі бірдей жұмыла бірлесіп бір істі бітіру.Біз көп ұлтты мемлекет-Қазақстанда тұрамыз.Біздің елімізде қазақтар,орыстар,өзбектер,татарлар т.б.көптеген ұлттар бір-бірімен тату-тәтті,достықта,татулықта,бірлікте өмір суреді.Сондықтан да біздің халқымыз ынтымағы, бірлігі жарасқан бақытты елдің азаматтары болып табылады.

Жүректен жүрекке.

Педагог: балалар,біздің балабақщада «Сүйіспеншілік періштесі»бар екен.Ол бізге көрінбейді.Бірақ әр топты аралап,балалардың қылығына,тәртібіне риза болып жүреді.Қараңдаршы,мына әсем қорапшаны бізге сол «Сүйіспеншілік періштесі» жіберіпті.Қане, ашып көрейікші.....

-Мұнда кішкентай «сүйіспеншілік жүрекшелері»бар екен.Ал енді әрқайсымыз бір-бір жүрекшеден алып,сол қолымызға ұстап, ал оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қоямыз.Балалар, біздің жүректеріміз жылы тілектерге толы екен.Енді бәріміз жүрегімізден шыққан жақсы сөздер мен жылы тілектерімізді айтайықшы.

-Мен бақыттымын.Мен сендерге денсаулық тілеймін.

-Мен қуаныштымын.Мен сендерге адалдық тілеймін.

-Менің жүрегім-нәзік.Мен сендерге шаттық тілеймін.

-Менің жүрегім-сезімтал.Мен адал достық тілеймін.

-Менің жүрегім-мейірімді.Мен татулық тілеймін.

-Менің жүрегім-қайырымды.Мен сәттілік тілеймін.

-Менің жүрегім-жұмсақ.Мен бірлік тілеймін.

Педагог: Рахмет,балалар!Ал,енді мына жақсы тілектер жазырған кішкентай жүрекшелерді қонақтарға сыйлаңдар.



© 2010-2022