Аппак карды уыстап (открытый урок)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық». Әлімханова А.Қ

Кіші сала: Жапсыру. 29

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Қысқы табиғат сырын түсіндіру, қар туралы білімдерін нығайту. Пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру. Дәстүрден тыс аққаланы жасауға қалыптастыру, тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар: көк түсті қатты қағаз, мақта, желім, қылқалам.

Билингвалдық компоненті: аққала- снеговик

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп- талаптану

Суретпен жұмыс:

Қыс көрінісі бар суретті әңгімелеу. Сұрақ- жауап әдісі арқылы.

Ал мынау не балалар? (қарды көрсету)

Қардың түсі қандай?

Ұстап көріңдерші салқын ба, ыстық па?

Жұсақ па қатты ма?

Суреттегі көріністі айтып береді.

Қар

Салқын, мұздай

Жұмсақ

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тосын сый: есік қағылып топқа Аққала кіреді.

Амансыңдарма балалар!

Мен аққаламын! Мен сонау алыстан даладан келдім. Менің далада түрып ішіп пісіп кетті сендермен ойнауға келдім!

Сәлеметсіңба аққала!

Сіз біздің балалармен ойнауға келдіңізбе?

Аққала: Ия ішім пісіп кетті далада тұрып, тұрып.

Тәр: Балалар аққаламен ойнайсыңдарма?

Аққала: Мен бір ойын білемін! Менің мына қорабымның ішінде ойындар көп мен сендермен қимылды ойын «Аққала» жасау деп аталатын ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты екі топқа бөлінеміз де мына жерде жатқан аққаланың бөліктерінен аққала жасаймыз кезек кезек жүгіріп келіп аққала жасайсыңдар. Қай топ бірінші болат сол топ жеңіске жетеді.

Тәр: Ой бәрекелді жарайсыңдар! Аққала менің балаларым шеттерінен жүйрік екен. Ал енді балалар Аққала сенде жүр мына жердегі үстелге отырыңдаршы. Біз аққаланы далада неден жасаймыз?

Ал топта біз сендермен мақтадан жасап көрейік қалай болатынын. Ең алдымен маған назар аударыңдар мен бірінші көрсетемін сосын бірге тағыда жасаймыз. Мен мына көк түсті қатты қағазды аламын мұнда ненің суреті салынған?

Мен бірінші мақтаны аламында әдемілеп дөңгелек етіп жұқалатып түтіп аламын міне былай. Сосын денесіне бірінші әдемілеп желім жағамын желімді қылқаламмен жағамында сосын мына дайын мақтаны жабыстырамын. Міне денесі дайын болды. Енді басына желім жағып, мақтаны жабыстырамын. Енді бас киімінеде желімді жағамында мақтамен жабыстырамын. Содан соң қолдарын жабыстырамынн Мінекей енді не жетіспейді аққалаға?

Дұрыс айтасын көздерін біз қара түсті қағаздан жабыстырамыз.

Көзін жабыстырдық енді не қалды? Өте дұрыс мқрнын мына қызыл түсті қағаздан жабыстырамын.

Енді балалар бас киімін мен қызыл түсті гуашпен бояғым келеді. Мінекей қандай тамаша аққала болып шықты менде. Ал енді сендер жасап көріңдер! Бірінші мақтаны аламыз оны дөңгелек пішін етіп жасап аламыз үлкенірек дөңгелек жасаймыз. Сосын алдымыздағы аққаланың денесіне қылқаламды желімге батырымыз. Қылқаламды мына үш саусақпен ұстаймыз. Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек осы екі саусақпен ұстаймыз ал ортан терек көмекші ретінде астында орналасады. Содан басын жабыстырамыз. Бас киімін , қолдарын жабыстырайық. Көзін және мұрнын түрлі-түсті қағаздан жабыстырамыз. Содан бас киімін қызыл түсті гуашпен бояймыз.

Тамаша жарайсыңдар қандай керемет аққала жасадыңдар!

Ал қанекей орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Жиналдықта көп бала

Әне соқтық аққала

Аққаламыз әдемі

Басталды жыл басы

Аққала саған ұнады ма біздің жасаған жұмысымыз? Ой балалар менің кетуім керек рахмет сендерге менімен ойнағандарың үшін! Сау болыңдар балалар! Аққала тұра тқр балалар кім аққалаға өзінің жасаған жұмысын сыйға тартады? Сау болағой Аққала!

Амандасады. Аққаланы көріп таң қалады.



Ия ойнаймыз.

Балалар мәз болысып ойнайды. Музыка әуенімен.




Қардан жасаймыз.



Аққаланың суреті салынған.





Көздері жетіспейді.


Мұрнын жабыстырамыз.









Өлең мазмұнына сай іс қимылдар жасайды.

Ия қатты ұнады. Өте тамаша жасадыңдар маған қатты ұнады.


Аққаламен қоштасады.

Рефлекстік түзету

Жарайсыңдар балалар біз бүгін сендермен не жасадық?

Аққаланы неден жасадық?

Аққала неше бөліктен жасадық?

Аққала жасадық.

Мақтадан жасадық.

Екі бөліктен жасадық.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: қыс мезгілінің ерекшеліктерін,

Түсінеді: дәстүрден тыс аққаланы жасауды,

Қолданады: аққала жасауды, қимылды ойынды, сұрақ- жауап, желім, қылқаламды, мақтаны, гуашты.










© 2010-2022