Ұлы жеңіске 70 жыл!

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Келісемін: Бекітемін:

Әдіскер: Расоль С. Меңгеруші а: Карамбаева Г


Тәрбие сағаты Ұлы жеңіске 70 жыл!

Тақырыбы: *Ұлы жеңіске 70 жыл!( тәрбие сағаты)

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы суреттер, гүлдер, шарлар, батырлырдың суреттері, Ұлы Отан соғысына байланысты плакаттар.

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру.

Музыка ойнап тұрады. *Әнұран*.

Тарих кеші үнемі жаңалып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемде дүр сілкіндіріп екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Жеңістің 70 жылдығы.

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Тәрбиеші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

1 бала: Адам

За страну родную люди

Отдавали жизнь свою,

Никогда мы не забудем

Павших в доблестном бою

Тәрбиеші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Тәрбиеші: Батырлар туралы тақрақтарды кім біледі?

2 бала: Камила

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

3 бала: Дильназ

Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!

4 бала: Назерке

Қайтпаған жауынан

Қаһарман Баууыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мындаған

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталды

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.-

- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді, күте берді.

Ойын: * Жаралыға көмектес*

( Балалар жаралы әскерге жаралған жерін бинтпен танып береді)

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымының терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Тәрбиеші:

Арылтып жаудын жерінді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні!

- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар атайық.

5 бала: Вироника

Пусть дети наши подрастают

И в военные игры только играют!

Пусть будет мир на всей Земле:

*Да* - скажем миру! *Нет* - войне!

6 бала: Меруерт

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.

7 бала: Ернар

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура,ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды).

Тәрбиеші: Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, балабақшаға алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын!

Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?

(солдаттар)

8 бала: Алихан

Шекарада солдат тұр.

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағаштар,

Амандық хат жолдап тұр.

9 бала: Максим

Светит солнце ярко-ярко,

Светит всем нам в вышине.

Спасибо русскому солдату!

Пусть хорошо живется детворе!

А дети наши подрастают

И в веселые игры только играют!

Ән: * Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген*

Тәрбиеші: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған *Ұлы Жеңіс - жасасын!* атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


© 2010-2022