Мен табиғат бөлшегімін тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мен табиғаттың бөлшегімін.

Сабақтың мақсаты:

Табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

Табиғат - Анаға деген ризашылық сезімдерін дамыту.

Табиғатты қорғауға, аялауғк тәрбиелеу.

1.Кіріспе сөз. (слайд. Табиғат - Ана)

Табиғаттың мейірімі, көркемдігі адам баласын шаттыққа бөлейді. Табиғат пен адам бір - бірін күтуге, сыйлауға, құрметтеуге, қорғауға міндетті. Табиғатты неге анаға теңеген? Өйткені табиғат бізді асырайды. Барлығын табиғаттан аламыз. Аңдар, құстар жан - жануарлар өздерінің коректерін табиғаттан алады. Мысалы: Бидайды жерге егеміз, оны күтеміз. Ол өсіп шығады. Бидайды ұн ғып тартамыз. Ұннан әртүрлі тағамдар жасаймыз. Өсімдік те, адам да табиғаттың бір бөлшегі.

2.Шаттық шеңбері (слайд)

Табиғат - Анаға ризашылығымызды білдіріп рахмет айтамыз

3.Әңгімелеу

«Жаңғырық» туралы аңыз (оқып беру, мазмұнын түсіндіру)

4.Сұрақтар

- Бала әкесімен қайда барды?

- Бала неге ашуланды?

- Бала әкесінен не леп сұрады?

- Әкесі не деп жауап берді?

- «Жаңғырық» дегеніміз не? ( «Эхо» мультфильм)

5. Дәйексөз

«Мейірімді табиғаттан үйрен»

а) Табиғат тіршілік иелеріне мейірімді

ә) Ал, біз мейірімділікті табиғаттан үйренеміз

«Көбелек»

Мен тимеймін жасқанба

Дос болайық көбелек.

Жайнап тұрған бақшада

Гүлдерімді көре кет..

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой көбелек

...Қандай нәзік сезім. Бала мен көбелек - табиғат перзенттері екен. Олардың арасындағы сыйластық кімнің де болса жүрегін мейірімге бөлейді.

6. Денені бос ұстау. (нені сезіндіңдер)

7. Ойын «Мен табиғаттан нені үйрендім)

8. Тыныштық сәті

9. Қорытындылау.

Ал, ең бастысы - Табиғат - Ана бізге күш - қуат береді.

10. Жүректен жүрекке (слайд «Судың жылжуы»)

Ән. « Біз бала балдырған»



© 2010-2022