Мерекеңізбен анашым Тәрбиелік шара

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





Мерекеңізбен Анашым!



Шағын орталық тобы







Дайындаған:

Сейткалиева Ж.С



2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы:Меркеңізбен Анашым!

Мақсаты: Аналар меркесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау,қармызы қызғалдақ

қыздар

Құрметті асыл аналар,ақ жаулықты әжелер,біздің кішкентай бүлдіршіндер сіздерді

8Наурыз аналар меркесімен құттықтап,зор денсаулық,ұзақ өмір тілей отырып өздерінің

Тақпақтарын,әндерін,билерін сыйға тартады.Біздің балалардың тілектерін қабыл

алыңыздар.

Ән: «Ақ мамам» хор

Би : Үнді биі

Гүлбарам:Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бірін де

Жандосқызы Айым:Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Нұрдана:Аялаған,саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең

Самал:Біз доспыз гүлдермен текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден ,аналарға сыйлаймыз

Данагүл:Мейірімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер ол - Ана

Ислам: Жыл басы наурыз мереке

Ақ нұрға әлембоянды

Аналар бойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Ақ сүт беріп өсірген

«Ботам» деген дауысы

Кетпес ешбір есімнен

Динара:Ең қымбатты өмірде

Ана екенін біліңіз

Ана жанын түсініп

Ойнаңызда күліңіз

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар бүгін сіздер бүлдіршін қыздарымыздың асыға күткен «Қыз

сыны» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар!Көңілсарайларыңыз ашылсын,күлкілеріңізден

інжу маржан шашылсын! Арулар асыл жандар

Шуақ болып шашылғандар! - деп отырып,,ақ маңдай,ашық жүзді,

Бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шықырамыз!Қарсы алыңыздар!

1.Сейдахметова Дильназ

2.Нармағанбет Сезім

3.Рамазан Жанаргүл

4. Әмин Шұғыла

5. Қаржауқызы Самал

Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Ақ аруды таңдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымыздың баға берер қазылар алқасымен

таныс болайық

Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі

1 б:Өзін таныстыру

2 б:Өз өнері

3 б:Үй тапсырмасы ас мәзірі

4 б:Шаш үлгісі

5 б: Сән үлгісі

Айдай сұлу арулардың өнерін

Сәлемдесу рәсімінен көрейік

................................

Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.Келесі бөлімге дайындалу

үшін аруларымызды қошеметпен шығарып салайық.

Нұрдәулет:Әжелерді ардақтап

Қуантатын келді күн

Мейрамымен құттықтап

Ән салайық біз бүгін

Аян:Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз

Агу: Еркелете «Күнім» дейді

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым күнім дейді

Санжар:Жақсы көрем әжемді

Жүрем ылғи бірге еріп

Тауға мені апарды

Талай қайттық гүл теріп

Алтын әжем ол менің Мені жақсы көреді

Үйретеді өлеңді

Ертегі айтып береді

Асылай:Сегізінші наурызда

Біз балалар бар қызға

Кәде сыйлық береміз

Бірге сыйлық көреміз

Мерекені қарсы алып,

Би билейміз ән салып

Айдын:Құтты болсын ақ анам!

Сегізінші Наурызың

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың

Тілейді бақыт бір саған

2 б:Өз өнері

................................................

.................................................

.................................................

................................................

...................................................

Мұхаммеджан:Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Аман есен жүріңіз

Б.Айым:Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем пәк әжем

Басқалардай емессіз

Сүйкімдісіз ақ әжем

Алмаз:Әже маған базардан

Алма сатып әкелдә

Ең үлкенін дәмдісін

Маған таңдап әперді

3 б:Үй тапсырмасы ас мәзірі

4 б:Шаш үлгісі

Шарты: 5орындыққа 5қызды отырғызу,сайыскерлеріміз 5 бүлдіршін қыздарымыздың шашын әсемдейді

Келесі кезеңге дайын болу үшін балалардың тақпағын тыңдайық:

Д.Айым:Бізді өсірген апатай

Еңбегіңде зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсың мерекең

Минура:Әжеміздің мейрамы

Анамыздың мейрамы

Әлемдегі ақ сары қара қыздың мейрамы

Жанерке:

Аймира:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Ақтай Бекзат:Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

5 б: Сән үлгісі

Қазылар алқасы дайын болғанша балалардың өнерін тамашалайық

Бір топ балалардың орындауында би

Ерасыл:Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Аналарды құттықтап

Би билейміз бәріміз

Алшын:Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Тақпақ айтып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Мансур: Сеннен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

Дәулет: Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Құрмаш:Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

Бексұлтан:Біз боспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймыз

БекзатОрынбасар:Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

ӘлібекАбай:Біз дәрісін табамыз

Қамқорлыққа аламыз

Әжемізді өзіміз,демде емдеп аламыз

Ислам:Бізде дәрігер мұғалім

Әйелдер көп деп ұғамын

Бәрінде жырмен құттықтап

Сәлем жолдап шығамын

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген - бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық,алтын бақ

Аналар,қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасыншы жанарына

Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа - дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз!Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!





© 2010-2022