Құрылым жасауда бағдарлап орналастыру дағдыларына машықтандыру

Міндеттері:1. Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра отырып жапсыра білуге үйрету. 2.Жапсыру техникасы дағдыларымен ептіліктерін дамыту. 3. Тазалықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер. Қажетті құрал-жабдықтар: гүлдердің суреті Сөздік жұмыс:түймедақ
Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру.

Тақырыбы: Түймедақ гүлі.

Мақсаты: Құрылым жасауда бағдарлап орналастыру дағдыларына машықтандыру.

Міндеттері:1. Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра отырып жапсыра білуге үйрету.

2.Жапсыру техникасы дағдыларымен ептіліктерін дамыту.

3. Тазалықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: гүлдердің суреті

Сөздік жұмыс:түймедақ

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп +

Есеп-

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Гүліндей боп даланың,

Жайнап өсіп келеміз

Салтыменен бабамның

Иіліп сәлем беремін

Шеңбер құру. Балалар қол ұстасып бір- біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар сендер қандай гүлдерді білесіңдер? Сюжетті суреттермен жұмыс.

Мынау қандай гүл?

Оның түсі қандай?

Бүгін біз сендермен түймедақ гүлін жапсыруды үйренеміз.

Гүлді алып ақ қағаздың бетіне жапсыра бастаймыз.

Д/О: Түстерді ата.

Мақсаты: Балалар түстерді дұрыс атай алады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық

Сұрақ- жауап.

Д/О: Не көрдің? Атап көрсет? Дұрыс- Бұрыс.

Ойын шарты түсіндіріледі. Жапсыру әдісін көрсетіп жапсыруды ұсынады.

Балалар сергіту сәтін дұрыс орындай алады.

Балалар түймедақ гүлін жапсыруды үйренеді.

Балалар дидактикалық ойынды шарт бойынша ойнай алады.

Рефлексивті түзетушілік

Балалар біз бүгін сендермен кімге көмек көрсеттік? Не жасап шұғылдандық? Сендерге ұнады ма?

Балалар түймедақ гүлін

Құрастыра алады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Гүлдердің аттарын атайды.

Игереді : Түстерді дұрыс айта алады.

Меңгереді :Қағазбен жұмыс жасауға үйрету.



© 2010-2022