Баяндама на тему: «Баланың тілін дамытудағы ойынның әсері»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Баланың тілін дамытудағы ойынның әсері»

Әр бір жас жеткіншек буын іс-әрекет ету үшін адамзаттың тәжірибесімен жинақталған,қалыптасқан ғылымды игеріп алады,соған сүйенеді.Қазіргі кезде жас ұрпқты оқытып,алған білімін кеңейтіп,көремдік білімдерін арттыруда,өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде,ізгі мінез-құлық,биік адамгершілік,ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда ойынның атқарар міндеті мол, орны ерекше.Қазіргі заманда кез-келген ұстаздың мақсат міндеті-балаларға сапалы білім беру,жан-жақты жетілдіру,оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады.Кез-келген бала адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды.Ал бүгінгідей динамика ғасырында оқу процесінде ойын алдыңғы орында,яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Менің шығармашылық тақырыбым: «Баланың тілін дамытудағы ойынның әсері».Бұл тақырыпты алған мақсатым балаларға ойын түрлері туралы түсініктерін кеңейтіп,аттарын атай отырып,оларды сипаттауға,қалай ойнау керек екенін түсіндіріп,ойынға деген қызуғушылықтарын арттыру,ойлау қабілеттерін дамытып,байланыстырып сөйлеуге үйрету болды.

Ойын-дегеніміз не?Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулыйтын құралдың бірі.Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.Ойын балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай,- деп жазды: «Бала ойында қалай болса,өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбилеу алдымен ойыннан басталады.

Я.А.Каменский: «Ойын-айналадағы дүниені танудың тәсілі»,-деп атап көрсеткен болатын.

Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруды ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.

Ойын дегеніміз-ұшқын,білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты.Ойын-тынысы кең,алысқа меңзейтін,ойдан-ойға жетелейтін,адамға қиял мен қанат бітіретін,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.Бала ойынмен өседі.Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған.Ойында баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі,мінез-құлқы қалыптаса түседі.Балаға ойынның түріде,мазмұныда сан алуан. Ойын баланы достыққа,жолдастыққа,тапқырлыққа,іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулыйды.Ұл бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар.Ойын-балалық шақтың басты ерекшелігі.Мысалы: «Базар-қаланың ажары,ойын-баланың базары», «Баланың ойынын бұзба,өнегең болса-ойын қозға», «Бала ойынмен өседі,дана оймен өседі», «Көне болмай-жаңа болмас, қыз-қуыршақ,ұл-құлыншақ»-дейді. «Ойнай білмеген,ойлайда білмейді» деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар келетіні,ұл мен қыздың ойыныда түрлішеболатыны,ойын арқылы баланың сана-сезімі,кәсіп таңдауы,ақыл-ойы жетілетіні көрсетілген.Ойын түрлері өте көп.Мысалы:рөлдік ойындар,сюжетті-рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, спорттық ойындар,қимыл-қозғалыс ойындар,құрылыс ойындар, ұлттық ойындар тағы басқа түрлері көп.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып сабаққа қызығушылықтарын арттырады.Тіпті момын,ұялшақ балалардың өздеріде ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық.

Мектеп алды тобының зейіні тұрақсыз,импульсивті болғанымен,қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы, сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген.Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б.ойындар.

Ал математика оқулығының басты ерекшелігі оқу мен тәрбие ерекшелігі жақсы,шебер ұйымдастырылған.Математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» ойындарын ойнауға болады.

Тіл дамыту,сауат ашу сабақтарында рөлдік,сюжеттік ойындарды қолдануға болады.Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.Бұл ойындар ұзақта,қысқа да болуы мүмкін.Сюжетті рөлді ойындар бейнелеу құралы рөль мен ойын әрекеті болып табылады.Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену,шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы және сатып алушы әрекеттеріне еліктейді. «Балабақша» ойынын ойнағанда тәрбиеші мен баланың әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға болады.

Қазақтың ұлттық ойындары:«Қыз қуу», «Орамал тастау», «Асықтар», «Бәйге» т.б.ойындары.Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.Мен өз тәжірибемде, ойындарды көп қолданамын.Сабақ барысында күннің 2-жартысында жүргіземін.Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы,ойын шарттарын айта отырып та байытуға болады. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып,түсінігін молайту қажет.

Мен кез-келген ойын түрлерін сабағымның тақырыбына сай таңдап аламын.Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибие көрсетіп отыр.

Мысалы «Телефон» ойынында диалогты сөйлеудегі әңгіменің мақсаты, бір нәрсе жайында сұралып,баланың оған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.Қимыл ойындары баланың жүйкесінің қалыптасуына зор ықпал етеді.

Мен балаларға жаңаәдістерді пайдаланып сабақты жақсы өткізуді жөн көріп,жұмысты әрі қарай жалғастырсам деймін.

1. Өзімнің жұмысыма пайдаланған әдісті сіздергеде ұсынамын.

1.Дөңгелек рамка

2.Көрсеткіш

3.Тіктөртбұрышты рамка

Көмекші есебінде жоғарыда көрсетілген құралдарды дидактикалық ойындарда,сауат ашу,тіл дамыту сабақтарында кеңінен қолдануға болады.

Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.Ойын балаларға сабақта,серуенде де өте қажет,тіпті бала жәй дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.

Қойылымдық ойындар-балалар әрекетінің бір түрі.Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады.

Бала тәрбиесі қиында,жауапты міндет.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс оқшау тұрған емес.Ол қоғамның,заманның бағыт-бағдарымен,тыныс тіршілігімен бірге жүріп отырады.Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап,жандандыратыны сөзсіз.

Ойын-балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі.Ойын ойнағанда бөлме теңізде,ұшақта, темір жол вагоныда болуы мүмкін.

Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды.Тіпті жалғыз баланың өзіде сөйлеп жүреді.Сондықтан ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Қорытындылай келгенде:

1.Ойын-тәрбие құралы,ақыл-ойды,тілді ұштастырады,сөздік қорды байытады,сезімді кеңейтеді,тәрбиелейді.

2.Ойын-ерік-жігерді және мінез қасиеттерін бекітеді,адамгершілік сананы жетілдіреді.

3.Ойын-ұжымдық сезім әрекеттерді өсіре түседі.

4.Ойын-эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

5.Ойын-еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

6.Ойын-дене бітімінің жетілуіне көмектеседі.

Демек,ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.Қорыта келе айтарым,баланың өсіп-жетілуіне ықпал ететін басты құралы-ойын болып саналады.

Дайындаған: Омарова Күлшай Тыныштыққызы


© 2010-2022