Ашық тәрбие сағаты Аналарым-ардағым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары: Ж.Нургалиев

« 06 » наурыз 2015 жыл

Тақырыбы: Аналарым - ардағым

Мақсаты: Халқымыздың ата - салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау,үлгі-өнеге көрсету,мейірімді болуға үйрету.Ананың құдіретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, техникалық құрал, сыйлықтар.

1-жүргізуші: 8 - наурыз -Халықаралық әйелдер күні. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,

өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі құтты болсын. Адамзаттың

ертеңгі тағдырына мазасызданып, соғысқұмар жендеттерге ашық үн көтереген, осы қоғам орнату

жолында аянбай тер төккен күрескерлер мерекесі - бұл. 8-наурыз Аналар мерекесіне арналған «Аналарым -

ардағым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Хор: «Ақ мамам » орындайтын мектепалды даярлық тобы.

1- жүргізуші: Ана - жүрек, жүректі құдіретте,

Ана - тірек, тіректі құрметте.

Ана - шыңың, щыңыңа сағынып жет,

Ана- күнің, күніңе табынып өт.

Ана, Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға кандай күш береді десеңізші.

Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді!

2-жүргізуші:

Дүниеде ең ардақты асыл жан

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Жеңіс: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана дейді бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Гүлназ: Ана деген - асыл жандар болаттай

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай,

Алшынбек: Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық,

Берсе барлық адамға ана мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Айжан: Сүрінсем сүйеп,

Болатын тірек,

Сол үлкен жүрек

Сен екен жалғыз, Жан - ана!

Абзал:

Аяулы Ана !

Күнім де Ана, ай да Ана,

Жетеді саған қай дана?!

Асылым өзің,

Ғашығым өзің,

Бас иіп өтер әулием менің сен ғана

Домалақ ана

Қазақ даласына әйгілі болған әз анамыз Домалақ ананың (Нұрила) есімі аса қасиетті. Тарихи деректер бойынша, Домалақ Ананының өмір сүрген кезі 1378 - 1456 жылдар шамасы. Домалақ ана - қазақ даласына ислам дінін уағыздап келген араб дегдары, түбі түркістандық Мақтым Ағзым Қожаның немересі. «Нұрила» араб сөзі, қазақшаның «Алланың нұры» деген ұғымды білдіреді. Қаратаудың Қостұра бөктеріндегі Әулие ананың әсем ғимаратына бас иіп, тағзым етіп келушілердің қатары толастаған емес.

Сара Тастанбекқызы.

Сара Тастанбекқыз 1878 жылы қазіргі Алматы облысы Қапал ауданында дүниеге келген. Ол - айтыскер ақын. Сара үш жасында әкесінен айырылып , еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Қаршадайынан басы дауға түскен ақын қыздың бағының ашылуын осы кезде Найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, айтысуы үлкен себепші болады. Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан - ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің үлгісі болып саналады.

Би: « Балақан » Орындайтын: мектепалды даярлық тобы

1-жүргізуші: Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аяулы. Бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді . Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.

Еділ: Ана тұрса құшаққа алып баласын

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, анашым.

Жансая:

Ана деген-адамзаттың панасы,

Ана деген- сәбилердің панасы.

Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген- өмірдегі қамқорың,

Ана деген- сүйенерің жан құрбың

.

Әділ: Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,

Арайланып алдымнан атқан тауым.

Әлпештедің, әлдилеп аяладың ,

Әр кеш менің ән-күйім, сая бағым.

Нұрсая: Анам менің жасыл бағым жайнаған

Біз бағында асыр салып ойнаған.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің

Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.

1-жүргізуші:

Дүниеде ең ардақты асыл жан

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Көрініс: Әлия мен Мәншүк.

Ана:

Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,

Елге дауыл тиетінін біліп ем.

Тыныш жатқан берекелі еліме,

Қанышердің келетінін сезіп ем.

Бірақ, бірақ бейбіт шақтың келеріне

Мен тәңірдей сеніп ем.

Ел қорғайтын ерлерімнің

Мәншүк пен Әлиядай

Қыздарымның ерлігіне сеніп ем.

Мәншүк:

Шеше, маған «күнім» деген сенсің ғой,

Әрең жетті - ау әлсіреген дауысың

Жыламашы, шыдап бақшы ерсің ғой,

Бар емес пе бір еркектей намысың.

Сағындаң ба, мен де сені сағындым.

Қандай адам сағынбайды анасын.

Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың.

Батқан күнмен, батқан түнмен бірге күт.

Мен де саған оралғанша ынтықпын.

Оралмасам, қош бол, ана көрерсің.

Қалған менен соңғы белгі мылтықты.

Ана:

Тап - таза, мөп - мөлдір көгілдір,

Жан еді-ау жапырақтай көктегі

Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді

Әнсің бір жарылып кетердей от кеуде

Жан берді жалғызым от - топан майданда,

Соғыс қой ақмарал аруды сындырған.

О, бүгінге жауапты адамдар,

Сақтаңдар ұрпақты,

Апаттан қырғыннан.

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік.

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан- ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк: Отан - ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те

Қолымызға қару алдық ерленіп.


Әлия: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып:

Жетсек, деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.

Біздің туған күнімізді құттықтап,

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Ана: Қош бол қыран қыздарым менің! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қос қарлығашым, өздерің ерте солғанмен соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес, қош болыңдар!

1-жүргізуші: Бас иейік те, құрметтейік те, ұлы адамдарды дүниеге әкелген ананы. Аристотельді де, Фирдаусиді де ана әкелді. Ұлы Гомер де, Ескендір де ананың баласы. Бәрін де дүниеге әкелген - ана.

Хор: « Топ - топ балақан » орындайтын мектепалды даярлық тобы.

Алшынбек: Өмірде ана - бұлақ, ана - пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Гүлназ: Ана! Ол - біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкенде оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы - Отанды да

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Әділ: Келбетінде ұлылық,

Даладан ақ пейілі.

Ана деген- жылылық,

Ана деген-мейірім.

Нұргүл: Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн - алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Еділ: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді өзіңе.

1-жүргізуші: Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те. Әйел - ана, дүниедегі жалғыз күш қой, оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де бас иді.

Көрініс: Ғ.Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана шығармасы»

Қатысушылар: Ана, Ақсақ Темір, 2 жендет.

Ақсақ Темір: Дауысында өлім көлеңкесі елестеген неткен адам? Шақырыңдаршы!

1-жендет: Қайдан екені белгісіз бір әйел пайда болды. Үш арысты билеп тұрған арыстан, сізді көрем деп бой бермей тұр.

2- жендет: Арабша сөйлейді. Үсті - басы кір, шаң. Өзі есалаң болса керек.

Ақсақ Темір: Әкеліңдер!

Ана : Баязит сұлтанды жеңген сен бе?

Ақсақ Темір: Ия, мен. Мен талайды жеңдім. Жеңгенімнің ішінде ода бар. Жеңуден әлі шаршағаным да жоқ. Сен, әйел келген жұмысың не еді, соны сөйле!

Ана: Тыңда! Сен не істесеңде адам ғанасың. Ал енді мен -ана! Сен өлімге қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашам. Дүниеге адам әкелемін, білдің бе? Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.

Ақсақ Темір: Мен ешкімнің қалай саналуы мен есептесіп көрген де емеспін, есептесе алмаймын да! Жұмысыңды айт, әйел!

Ана: Тыңда, өлімнің егіншісі Темір! Сен менің алдымда кінәлісің. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңді жусын деп келдім. Сенің бағынғаның «Күш әділдікте!» деген ұран дегенді айтты. Мен бұған иланбаймын да. Бірақ, сен маған еріксіз әділ боласың. Өйткені мен - ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем. Бер баламды өзіме қайтарып. Өйткені мен анамын, баламды сүйемін.

Ақсақ Темір: Әкеліңдер баласын.

Ана: Балам саған не болған, саған не істеп қойған?

Ақсақ Темір: Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзімен ананың сүтінен алынған қасиет.

Хиуаз Доспанова.

Атыраудың қиырындағы Теңіз жерінің топырағында 1922 жылдың 15 мамырында дүниеге келген. Хиуаздың балалығы қазақ жеріне ажал сепсең аждаха аштық жылына тап келді. «Амандық» деген мағынаны білдіретін Хиуаз деген атты ата-анасы Құраннан алып ырымдап қойған екен. Хиуаздың арманы ұшқыш болу еді. 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде Оралдағы ұшқыштар мектебін бітіріп, облыстық әскери комиссариат берген, «Запастағы әскери ұшқыш» деген куәлік болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Хиуаз Мәскеудегі Бірінші медицина институтының алғашқы курсында оқитын. 1942 жылдың көктемінде әуе күштері тарихындағы тұңғыш авиаполктың құрамында майданға аттанды. Қаһарман Хиуаздың жорық жолы Кубано, Қырым, Ресей, Украйна, Польша, Белорусь аспанында жалғасты. 3 рет ауыр жарақаттанып, 14 рет ұшағымен жерге құлады. «Өз басым осынау ғажайып жанға қайран қаламын» деді- Н. Назарбаев. Жақында ғана Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Халық қаһарманы» құрметті атағын алды.

Роза Бағланова

Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы өңірінде дүниеге келген. Роза Бағланова тамағынан бал тамған әнші. Ол 1939-1941 жылдары Қызылорда педогогикалық институтында оқыған. Роза апай 1941 - 1947 жылдары Өзбекстан филиормониясының ән және би ансамбльінің, 1947 - 49 жылдары Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиясының опера және болет театрының, 1960 жылдан бастап «Қазақ концерт» бірлестігінің танымал әншісі.

1-жүргізуші: Анаңды сүйгендігіңнің бірінші белгісі - өзіңді сақтап, аман - есен, сау жүргенің. Анадан аяулы жан болмайды. Оның жарты жаны әрқашан баласымен бірге, жолға шықсаң жолыңа қарап, сен келгенше мазасызданып, дегбірсізденетін ана ғой. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп бекер айтылмаса керек.

Көркемсөз: Мұхитова Ұлдай «Анашым». Мұқағали Мақатаев.

Анашым

Асыл анам, есіл анам

Елжіреп, есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін суалтқан, ақ сүтіңді,

Ақтамасам боп жүрмін несіне аман.

Алыс жерде жүрсемде арып ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныма шық.

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпейіп жаның ашып.

Өткізіп талай жылды, ай аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым білем сені қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым

Қайда жүрсем сен-күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам өзіңдей қарсы алады,

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым

Жаратылдың бағыма шын,

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем қамқоршы - Отаным бар,

Қапа бола мен үшін не ғыласың.

1-жүргізуші: Анам менің жасыл бағым жайнаған

Біз бағында асыр салып ойнаған.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің

Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.

Нұрсая: Апам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жансая: Жоқтатапаймын әпкемді,

Қоям шайын қайнатып.

Жылай қалса, бөпемді.

Жұбатамын ойнатып.

Айжан: Сыпырамын үй үшін,

Жуам аяқ табақты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты!

Жеңіс: Мен мектепте оқимын,

Інім болса бақшада.

Ақ анама кім жетсін,

Әлемдегі жақсы ана.

Абзал: Әкемізге еркелеп,

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызды сыйлаймыз.

Кәмшат Дөненбаева.

Кәмшат Дөненбаева бүгінде қажы атанып отырған қарапайым қазақтың қызының жүріп өткен өмір жолы үлгі боларлықтай. Қызғалдақтай құлпырған қаршадай қыз ең алдымен инбатты келін болды. Еңбек жолында тракторға отырды, төккен тер өтелді. Кеудесіне бірнеше орден тақты. Кеңес Одағы және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген механизаторы, Еңбек ері атанды. КСРО жоғары кеңесіне үш рет депутат болып сайланды. Жоғары Кеңесте Ұлттар кеңесі төрағасының орынбасары болып, аса жауапты қызмет атқарды.

Шара Жиенқұлова.

Шара Жиенқұлова 1921 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлова - қазақтың кәсібі өнеріндегі дара дарындардың бірі. Ол драма театрын да актер, одан соң опера театрында биші болды. Шара Жиенқұлованың әсіресе ұлттық және кәсіби би өнеріне қосқан үлесі өлшеусіз. Ол бұл салада көптеген ұрпақтар легін тәрбиелеп шығарды.

1-жүргізуші: Мен қазақ әйеліне қайран қалам,

Жайнаған жаны жаздай, жайраңдаған.

Сол менің жүрегімнің ханшасы,

Жыр шоғын ұсынамын Айдан да оған.

Би: « Көбелек » орындайтын мектепалды даярлық тобының қыздары.

1-жүргізуші:

Төгілген маған мейірім - бейне шуағың

Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың.

Жасашы Ана!

Жасашы - менің тілерім.

Қанатын қомдап ұшса да биік ұланың.

Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.

Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені

Болмас - ты басқа перзенттік менің тілегім.

Айгүл Қосанова.

Айгүл Қосанова Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келген. Көп балалы қарапайым отбасынан шыққан. Мектепте, өнер колледжінде оқыған. Оны ең алғаш әнге баулып, әншілік жолға түсірген - Рухия Батыршина деген еді. Консерваторияға түскенше облыстық деңгейде танымал әнші болғанын Маңғыстаулықтар жақсы білетін. Сөз жоқ, ең бірінші әннің халыққа өз дәрежесінде жетуіне ерекше мән береді. Оның назар аударып, мән беретіні - термелер. Оның ордалы ойы да, теңіздей тереңдікте, тебіренісі де термеде ғана. Қазір ол асыл жанды ана. Әнші қанша көп болғанымен, Айгүлдей әнші көп емес екені - ақиқат.. Қосанова - «бетегеден биік, жусаннан аласа» жүріп - ақ, , табиғи сүйкімділігімен, өзіне тән даусымен, халықтың «Ақ кербез», «Ақ сұңқар», Ғарифолланың «Желкілдек», «Әнші дауысы», Мұхиттың «Айнакөз», «Үлкен айдай», әндері арқылы, әнқұмар қазақтың жүрегінен өз орнын алып үлгерген әнші. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның халық музыкасы кафедрасының оқытушысы.

Әлия Юсупова

Әлия Юсупова Шымкент облысында 1984 жылы дүниеге келген. Ол 7 жасынан гимнастика үйірмесіне қатысты. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унивеситетін жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірді. Әлия Қазақстан атынан әлемдік деңгейіне көтерілген гимнаст. Бүкіл дүние жүзіне қазақ көркем гимнастиканың болашағы барын паш ете білген алғашқы қазақ қызының есімі спорт тарихында алтын әріптерімен жазылатыны сөзсіз. Әлия Юсупова көркем гимнастикадағы Қазақстандық алты дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азияның абсолютті чемпионы.

1-жүргізуші:

Өмірде ана - бұлақ, ана - пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол - біздің елде ардақты адам

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған

Өзінің аяулысы Отанына

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Ана өмірдің қуанышы, тірегі,

Бала - жұбанышы, жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйі тыныштықты тіледі.

Тәрбие сағатын қорытындылау үшін сөз топ жетекшісі С. Кадамоваға беріледі.

Қорытынды: Мұғалім сөзі:

«Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым» деп көктемнің осы бір шуақты күнінде « Аналарым ардағым»атты ашық тәрбие сағатымызды Әулие, батыр,өнерлі ана -апаларымыз туралы көптеген мағұлмат алдық. «Ана» деген үш- ақ әріптен тұратын сөздің қасиетін ұқандаймыз, әрдайым аналарымызды құрметтеп сыйлап жүрейік.

Әрбір шаңырақта береке бірлік болсын, мерекелеріміз құтты болсын!



«Тәжен мектеп- балабақша кешені» КММ-і







Ашық тәрбие сағаты







«Аналарым - ардағым»











Өткізген: Кадамова Сандуғаш

мектеп алды даярлық тобы тәрбиешісі











2014 - 2015 оқу жылы




© 2010-2022