Құрастыру және қол еңбек сабағы Гараж

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы:Гараж.

Мақсаты:құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын арттыру; көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру; гаражды ойыншық машинаның көлеміне қарай құрастыра білу; құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Қостілді құрам:

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезең


Балалар шаттық шеңберге тұрамыз, көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Балалар ауа-рай қандай?

Қай жыл мезгілі басталды?

Шаттық шеңберге тұрады.

Тақпақты айтып, көңіл күйлерін көтереді.

Ауа-райы суық.

Қыс мезгілі.

Ұйымдастыру , іздену кезеңі.


Жұмбақ шешу.



Негізгі бөлім.






Балалар сұрақтарға жауап береміз.

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан кейін қайда қояды?

-Кімнің үйінде жеңіл машина бар?

-Әкелеріңмен гаражға барып көрдіңдер ме?

Сымға асылып,

Жүр асығып. (Троллейбус).

Күні-түні көше кезіп зырлайды,

Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (Такси).

Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар. (Трамвай).

Балалар, осы жол көліктерінің бәрінде де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады. Оны гараж деп атайды. Гараж деп - бір машина тұратын жерді, ал «автотұрақ» деп әртүрлі және бірнеше транспорттың тұратын орнын айтады. Бүгін құрастыру материалдарынан гараж жасаймыз.

Әр балаға ойыншық машина беріледі. Сызба үлгі суреттерге талдау жасайды. Әліппе-дәптердегі үлгіге мұқият қарап, тапсырмаларды дұрыс орындауға бағыт береді. Гараждың неден жасалғанына назарларын аудару. Құрастыру материалдарынан қабырғасына, төбесіне, есіктеріне қанша бөлшек қоюға болатынын анықтап алады. Көлемін, пішінін, ұзындығын қарап, қалай орналастыру керектігін келісіп алады. Бөлшектер саны құрастыру материалдарының көлеміне сәйкес таңдалады. Екі ұзын бөлшекті немесе үш бөлшекті бірінің үстіне бірін қойып, алдымен бірінші қабырғасын, дәл солай екінші қарама-қарсы қабырғасын құрайды. Екі қысқа бөлшектен артқы бөлігін құрастырып қояды. Төбесін пластинамен жабады. Бала өз қалауы бойынша есігін екі жаққа немесе бір жаққа ашылатын етіп жасайды. Құрастыру жұмысы дайын болғанда машиналарын гаражға қойып, есігін жабады.

Ойын «гараж»

Құрастарған гараждармен ойын ойнау.

Машиналар суреттері, ойыншық машиналар.

Әліппе дәптер

Өз ойларын айтады.


Жұмбақтың шешуін табады.



Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.









Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексивті түзету

Балалар біз не құрастырдық?

Гараждың не пайдасы бар екен?

Біздің қалада трамвай барма?

Балалар еңбегін мадақтау

Гараж

Ол машиналарды қорғайды.

Жоқ

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: гараждың не екенін

Қолданады: машиналарды , гаражды конструктормен жасауды

Түсінеді: машина жолдарында абай болуды




© 2010-2022