Қоршаған дүниемен таныстыру Мен және менің отбасым. (0-класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Карсахова Жанна Танжарыковна

Білім беру саласы: «әлеуметтік»

Бөлімі : Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Мақсаты: 1. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.

2. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.

3. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, сіңілі.

Қостілді құрам:әке-папа, ана-мама, іні-брат, апа-сестра

Негізгі іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Дидактикалық

көрнекілік

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық

ұйымдастыру



Е. Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқыту.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар-

Әкем және анам бар,

Бір туған анам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін.

Отбасы суреттері

Өлең сөздерін бірге қайталайды. Отбасы мүшелерін атайды.



Ұйымдастыру,

Іздену











Рефлексивті түзету

1.Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.

А)ата-ананы сыйлау деген не?

Ә)үйде өзін қалай ұстау керек?

2. Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз- әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндіген, олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.

Сергіту сәтін орындау

Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш болып ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық.

Тапсырмалар:

Өзің туралы айтып бер.

Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.

Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.

Дидактикалық ойын:

«Бізде былай, ал сіздерде ше?»

Допты лақтыру арқылы сұрақтар қою.

Ата-ана, бала суреттері






Құс



Доп

Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.





Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды

Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.

Ойын ойнайды.

Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.

-Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?

-Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?

-Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?

Балаларды мадақтау.

Әкем,анам,ағам т.б.

Қол беріп, сәлеметсіз бе?

Ақылды болу, айтқан тілді алу, сабақты жақсы оқу керек.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: отбасы туралы жақсы пікірде

Қолданады: ата-ана туралы өз ойларын айтады.

Түсінеді: сыйластық туралы түсінеді


© 2010-2022