Баяндама Білімді бала біздің болашағымыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білімді бала - біздің болашағымыз

Өркениетті елдер көшіне асқақ мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ тәрбиесіне айрықша ден қояды. Өйткені бүгінгі бала ертеңгі өмірді жалғастырушы,ертеңгі жарқын болашақтың , елі мен жерінің иесі.

Демек , егемен еліміздің келешегін айқындайтын имандылық пен парасатқа негізделген өркениетті қоғам құруда жас ұрпақтың санасына даналық пен парасаттылық ұғымын сіңіру, соның нәтижесінде жақсылық пен жамандық, ақ пен қараны айыра білуге үйрету-тәрбие саласына қатысты толағай да толғаулы, өзекжарды өткір мәселенің бірі болмақ керек.

Сондықтан да тәрбие саласына жаңа қоғамның сұрамынына, әлемдік мәдениет пен парасат тұғырына көтеруге ,бейімделу бағытындағы сан қырлы ізденіс, табынды талап, ілім мен білім қуған ғұламалардан бастап әрбір тәрбиешіні, әрбір ата-ананы бейтарап қалдыра алмасы хақ.

Өсер ел бірінші кезекте ұрпағын ойлайды.Оның бойында ұлағат ұрпағын себуді мақсат етеді.Өйткені бала да балапан секілді «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны іледі» құнарлы жерде өскен ағаштың тамырының берік, діңгегінің қуатты да толық болатыны сияқты ұлттық тәрбиенің ұрпағын сіңіріп, содан нәр алып өскен баланың өмірге бейімділігі мен зерделігі жоғары болады.

Өмірді жалғастырып , халқымыздың елдігін баянды етер сол жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыз адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне ұялатып іс-әрекетін қадағалаған.

Қазіргі кезеңдегі қоғамдағы өзгерістер тәрбие ісіне жаңаша көзқарас қалыптастыруға ықпал жасауда. Бүкіл адамзат білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыруға бет алып отыр.

Тәрбие-даму ретінде,ал әр бала қайталанбас тұлға деп қалыптастырылып ,оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа техналогияларын енгізу туралы айтылған. Соңғы жылдардағы болып жатқан оңтайлы бетбұрыстар өзгерістер мектепке дейінгі мекемелер мен кешендердің қызметкерлерінек: әдіскерлер,мұғалімдер балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы мамандардың әр түрлі жаңашыл идеялары мен жобаларын тәжірибеге ендіруде.

Сондықтан да бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті терең түсіне алатын әрбір ұстаз мектепке дейінгі мекемелердің мақсаты мен міндеттерін толыққанды шеше алатын педагогикалық технологияларды таңдау мәселесіне айрықша көңіл бөлуге қажет.

Иновациялық оқытуға көшу-өз кезегінде мектепке дейінгі мекемелердің білім мазмұны мен оқыту әдістері, бағдарламалардың формаларын жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оның ішінде педагогикалық жүйенің қазіргі талаптарға сай әдістемелік жаңаруы болып табылады. Ұлы Абай атамыз: «Адамның адамшылығы -ақыл,ғылым жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады»-деп ой түйген.Сондықтан тәрбиенің нәтижелі болуы әрбір тәрбиешіге байланысты .

Ал біздің «Шапағат» балабақшасында баланы тәрбиелеуде және білім беруде өне бойы ізденіп , жаңа техналогияларды пайдаланып ,жаңашыл жұмыс істеуге талпынамыз және әрдайым ізденіс үстінде жүреміз.

Ендеше, жаңа техналогиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу-басты мұратымыз. Бала тәрбиесәінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.

© 2010-2022