Ашық оқу іс-әрекеті Сүйкімді қоян

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сүйкімді қоян»

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Соның ішіндегі «Қоянға» сипаттама беру, жануарларға деген қызығушылығын ояту.

Жануарларға байланысты сұрақ - жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Сипаттама бере отырып табиғи материалдан жануарды жасатуға үйрету.

Олардың бізге тигізер пайдасы туралы айту,күтіп баптауға,қорғап қамқорлық жасауға, жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Көрсету, түсіндіру, әігімелеу, сұрақ-жауап, сергіту сәті.

Қолданатын көрнекі құралдар: Жабайы жануарлар, үй жануарларының суреттері. (Қояндарға арналған баскиімдер, сәбіздер). « Бауырсақ» ертегісінің үлгі суреттері. Жұмсақ ойыншықтар.

Шырша жаңғағы, түстерге боялған тұзды қамыр.

Оқу іс- әрекетінің барысы:

-Балалар , қараңдаршы бүгін бізде ерекше күн,өйткені бізге бүгін өйткені бізге бүгін көп қонақтар келді. Қане, барлығымыз шаттық шеңбер бойына жиналып, айналаны қоршаған ортамен, қонақтармен амандасып алайық.

Қонақтармен амандасады.

Жылулық шеңбері

Арайлап бүгңн атты күн,

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақтаңның,

Қуанышын шаттығын,

Қайырлы таң,қайырлы күн,

Қуанышты күн бүгін.

-Осы кезде бір «айқай - шу» -дауыстары шығып жануарлар есіктен таласа кіріп келеді.

Топқа ,қорқақ қоян мен қой кіріп келеді.

Осы кезде

Қой айтады: « мен үй жануары»

Қоян айтады: «мен үй жануары» -деп екеуі таласып кіреді:

Педагог: Сендер неге таласып жатырсыңдар? Сендер неге араздасып жатырсыңдар ?

Сонда екеуі өздерінің неге таласып келетінін айтады.

Педагог: Жоқ сендер таласпаңдар екеуің де үй жануарына жатасыңдар, ал қоян үй жануарына да жабайы жануарына да жатады , себебі қоянды үйдеде бағады

-Балалар сендер айтыңдаршы сендер қоян мен қойдың үй жануар екені рас па?

-Иа,

-Ендеше, қоянды орыс тілінде не деп айтамыз?

-Заец

-Ал, ағылшын тілінде не деп айтамыз?

- Е рәбит

-Дұрыс айтасыңдар

-Ал, қойды қалай айтамыз орыс тілінде?

-Баран

-Ал, ағылшын тілінде не деп айтамыз?

-Е шөуз

Үлгі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында» көрсету.

-Ендеше балалар жануарлар өздерінің сұрақтарына жауап тапты олар енді бір -бірімен ренжіспейді деген сенімдемін.

Ал, енді балалар, мен сендерге компьютер экранынан көрсетейін

Слайд көрсету

-Ал, балар, сендер қоянның суретін көрдіңдер ендеше қоянның жүні қандай болады екен?

-Жүні үлпілдек,жұмсақ,мамық

-Қоянның құлағы қандай болады?

-Ұзын

-Қоянның көзі қандай?

-Қоянның көзі қыли

-Қоянның азығы не? Немен қоректенеді?

-Жарайсыңдар, балалар , сендер жақсы жауап беріңдер

-Ал, енді балалар, сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер шаршадыңдар.

Дидактикалық ойын.Ойынның аты «Секек қоян»

Мақсаты: Балар жылдамдыққа, талғампаздылыққа,шапшаңдыққа үйрету.

Ойынның шарты: Мына жердегі шашылып жатқан сәбізді кім тез әрі жылдам қолына жинайды екен, қолында сәбіздің саны көп бала жеңімпаз атанады.

-Жарайсыңдар балар, енді барлығымыз орнымыздан тұрып сергіп алайық

Сергіту жаттығуы

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып,ытқып секірді,

Қарап еді артына ,

Қиығын салып көзігнің.

Келе жатқан томпаңдап .

Көжегі екен өзінің.

-Жарайсыңдар балар сергіп қалдыңдар ма?

Ендеше , балалар,үстелге отырып,қазір біз осы қоянымызды біз табиғи материалдармен қоянды жасаймыз. Мынау шыршаның жаңғағы,ал мынау тұзды қамыр түстерге боялған.

(Қоянның жасалу жолын көрсету)

  1. Шыршаның жаңғағына ақ түсті қамырдан үзіп алып үшбұрыштап қоянның басын жасаймыз.

  2. Енді алақанның ортасына салып ұзын қып есіп екі ұзын құлағын жасаймыз.

  3. Енді екі қолын жасаймыз дөңгелектеп.

  4. Енді, балалар, екі аяғын жасаймыз.

  5. Енді екі көзін жасаймыз қара түсті.

  6. Енді қызыл түсті қамырдан мұрнын жасаймыз.

-Енді осы қоянымыз немен азықтанады екен?

-Сәбізбен

-Дұрыс айтасыңдар, сәбіззін жасап берейік

1. Мына апелсин түстес тұзды қамырдан сәбіз жасаймыз сабағын жасыл түстен жасаймыз.

-Жарайсыңдар балар, сендер өте тамаша жасадыңдар айтқан тапсырманы.

-Енді , орнымыздан тұрып кілемнің үстіне келейік

Мына тақтадағы суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл Бауырсақ ертегісіндегі ата мен әжейдің суреті енді осы ертегіміздің тағы басқа қандай кейәпкеолері бар еді атайықшы . Балар кейәпкерлерді атайды суретті толықтырады.

Қорытынды:

-Біз бүгінгі сабақта не өттік?

-Қандай жануарларды көрдік?

-Не жасадық?

-Ол қоянымызға азық болсын деп, оған біз тағы не жасадық?

-Жарайсыңдар,балар сендер бүгін көп қояндар жасадыңдар.

Бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, сендер әдемі қоян жасадыңдар,сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер жарайсыңдар,

Баларды мақтау мадақтау.

Баларға жұлдызша тарату.



© 2010-2022