Ертеңгілік «Отбасым –бақыт мекені»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Отбасым -бақыт мекені»

Жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде.

Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым,

Гүл- гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Жүргізуші: Отбасы бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді.

Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші, ата-ананы тәрбиелеуші.

Жүргізуші: Әке асқар тау.

Ана мөлдір бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Тәрбие тал бесіктен басталады. Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбие тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған « Бақытты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды

ортаға шақырайық.

Отбасы туралы музыка.

Жүргізуші: 1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы да сай келетін,

Сабықовтар отбасы ортамызда.

2.Қуантады білімімен бәрімізді,

Қол соғып қарсы алайық енді оны.

Нұрділлә отбасы келіп қалды,

Татулықты ту еткен отбасы бұл.

3.Жігітке ақыл, білім жарасады,

Нағыз ер халқыменен санасады.

Сайысқа бар күшімді саламын деп,

Есеғалиевтер отбасы таласады.

Жүргізуші:Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстыру.

1. Отбасын таныстыру.

2. Өнер сайысы.

3. Мимикалық ойын.

4. Сән үлгісі.

5. Үй тапсырмасы.

Жүргізуші: Келеді міне бүгін сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға- деп әділ қазыларды таныстыру.

  1. «Еркетай» шағын орталығының меңгерушісі - Медетбекова Шолпан Аманқызы

  2. «Еркетай» шағын орталығының әдіскері -Еримбетова Малика Маханбетқызы

  3. «Еркетай» шағын орталығының медбикесі - Купяшарова Айша Джолдасбайқызы

1-бөлім: Отбасын таныстыру.

Жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып би билеп жатқан текемет.

Өнеріңді көрсетші әулеттерім қанекей,

Сөз берейік әулеттерге жекелеп.

2- бөлім: Өз өнерін көрсету.

Жүргізуші:Кедеймін деп қысылма,

Өнерін болса қолында.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында- демекші әулеттеріміздің өнерлерін

тамашалайық.

3- бөлім: Мимикалық ойын.

  1. Телефон 1-орындық 1- кітап 1- Ай

  2. Астана 2- тарақ 2-гүл 2- мысық

  3. Айна 3- сағат 3- көзілдірік 3- балабақша

4-бөлім: келесі кезегімізде отбасыларымыздың сән үлгісін тамашалайық

5-бөлім: Үй тапсырмасы.

«Отбасылық жұмыс» Әділқазыларға тапсырылады.

Би: « Қыздар биі»

Сайысымызды қортындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Отбасым -бақыт мекені» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңызға

Бақыт, береке және бірлік тілейміз.


© 2010-2022