Көркем әдебиет пәнінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы № 202 орта мектеп


Бастауыш сынып мұғалімі Пак Анар Оразбайқызы


ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шана. 40 - бет.

Мақсаты: қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Сөздік жұмыс: күнұзақ.

Көрнекілігі: қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанап жүрген балалар суреті.

Қостілділік компонент: шана - санки, қыс - зима, мезгілі - времени

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:

Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды.

Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық.

Ұйымдастыру-іздестіру





2. Педагог: - Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Қыста қардан не соғамыз?

- Сырғанақта немен сырғанаймыз? (Шана)

3. Дәптермен жұмыс: Г. Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен таныстыру. - Бала ұйқысынан тұрып, қайда қарады?

- Ол терезеден кімді көрді?

- Әкесі мен шешесі не істеп отырды?

- Бала ата-анасына қандай сөз айтты? (Жаттап алу).

- Әкесі баласына не әкеліп берді?

- Анасы баласына қандай ақыл айтты?

- Анасы неліктен олай айтты?

- Баласы не деп жауап берді?

4. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан. (Қимылмен көрсетеді).

5. Дидактикалық ойын: «Қандай қимыл жасағанын тап».

Ойын шарты: Бастаушы түрлі қимылдар (шаңғы, хоккей, коньки, шана) жасайды, балалар қандай қимыд жасағанын табуы керек.

6. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сәттерін елестетеді. Шанамен сырғанап ойнаған қандай қызық. Отыруға да ыңғайлы. Қардың үстімен заулап сырғанайды. Көзімізді ашамыз. Балалар өз ойларын айтып береді.


Әңгімені тыңдайды.


Сергіту сәтін жасайды.

Ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорыту:

- Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?

- Қыста қандай қызықтар болады?

- Қысқы ойындарды ата.

- Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.






© 2010-2022