Қатынас саласы, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті Сүйікті ойыншықтар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сүйікті ойыншықтар»

Сапакова Каламкас Ануарбековна

«Қуаныш» балалар бақшасы-мектеп

білім беру комплексі» мекемесінің

тәрбиешісі, Семей қаласы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»

Мақсаты: Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға,ойыншықтардың аттарын атай білуге,оларды сипаттап айтуға үйрету. «Ң» дыбысын қайталату,дұрыс айтуға жаттықтыру.

Міндеті: Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жұмсақ, резеңке.

Құрал-жабдықтар: түрлі ойыншықтар суреттері.

Қостілділік компонент: ойыншықтар-игрушки қуыршақ-кукла доп-мяч

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та,күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса.

-Балалар,бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?

Билингвальды компонент:ойыншықтар-игрушки , қуыршақ-кукла, доп-мяч.


Балалар қолдарын көтеріп,қимылмен көрсетеді.

-иә

Қуыршақ,машина, қонжық.доп, қоян


Ұйымдастыру-

іздестіру

Ойыншықтардың темірден,ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады.

Қонаққа сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме ,балалар!

Казір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын.Барасыңдар ма? Ендеше бәрің көздерінді жұмыңдар.

Алақай,малақай! Суф! Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.

-Шынында да қараңдаршы,біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық.

2-3 ойыншық көрсетеді./машина,қуыршақ, доп/

Сергіту сәт «Құлыншақ»

«Ң» дыбысын айтайық:

-ың-ың-ың

Мынау сенің қолың.

-ың,- ың,-ың,

Мынау сенің добың.

-Қане, барлығымыз доптың суретін салып оны әдемі етіп бояп көрейік. Доптың суретін салу.


-сәлемдеседі

-иә,көздерін жұмады


-ойыншықтарды атап,сипаттайды.

Қайталайды


Суретті бояуға кіріседі

Рефлексивті -

түзеушілік

-Бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Қайда бардық?

-Нені көрдік?

-Ойыншықтармен қалай ойнайсыңдар?

Ұйымдасқан оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау арқылы жасаған жұмыстарына өздерінің қатысуымен бағалау жүргізу.

Сұрақтарға жауап береді.

Достарының еңбегін өздері бағалайды.

.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Ойыншықтар туралы

Қандай түсініктерді игерді: Ойыншықтарды күтіп ұстау керектігін.

Менгерген дағдылармен іскерліктері: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.



© 2010-2022