(Халық аралық әйелдер мерекесі) Ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 - Наурыз Аналар мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді Әдіскеріміз Қартанбаева .Э.(татеге)береміз .
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Балалардың ана әжелерімізге сыйлықтары бар .(балалар аналарына сыйлық береді)

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Ән: «Ақ мамам» хор

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін, Асел
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мені жақсы көреді Ақбота
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Әжем менің әлі де Жасұлан
Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне

Жұмсайды әжем мені де, Айдана
Тауыққа жем беруге
Ауырады кей кезде,
Аяғы да белі де

Біз дәрісін табамыз Рамазан

Қамқорлыққа аламыз
Әжемізді өзіміз
Демде емдеп аламыз.

Менің анам ақылшым, Айгерім
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде

Ана біздің күніміз Зарина
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Мәпелейсің мені анам, Еркебұлан
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Бізді өсірген апатай, Айнұр
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең

Аялаған саялаған, Ақсұңқар
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.

Мақтаным апа Нұржан
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ
Жаттадым апа.

Үн қатасың бал тілмен Нұрдаулет
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым

Сегізінші мартыңмен.

Әлпештеген аялаған Ернұр
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Жарқын жүзді жан анам Мунира
Сендей болса бар адам.
Шаттық кетпес баладан.

Ана өмір шырағы Айнұр
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.

Біз доспыз гүлдермен Бағдаулет
Тек оны жұлмаймыз.
Той күні бірбірден
Анаға силаймыз.

Еркелеймін шаттанам, Аружан
Жарқын күлкің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам

Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам Нұрдаулет
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам.


Жүргізуші:

Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Сәкен Майғазиев келіп отыр(панаграмма)
Сүйікті аналар сіздерге арнап ән: Асыл ана



Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

Би:Аналарға арнап

Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі

Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі

Аналар сіздермен ойын ойнасақ.

Жүргізуші: Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Би жолдайтын апалардың баласы бар.

Би «Бабушки старушки»
Жүргізуші:

Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»


Жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік,көріскенше күн жақсы болсын.



© 2010-2022