Технологиялық карта. Қоршаған ортамен танысу - Бағдаршам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы:Бағдаршам.

Мақсаты:

1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

3. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс:бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.

Қостілді құрам: бағдаршам-светофор, көлік- транспорт, жол-дорога.

Негізгі іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Дидактикалық көрнекілік

Балалардың

іс-әрекеті.

Мотивациялық

кезеңі

Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Өлеңді бәрі бірге қайталайды.

Ұйымдастыру,

Іздену








Рефлексивті түзету

Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.

Ә. Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу.

Дидактикалық ойын

«Көлік түрлері қайда?» ойыны.

Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.

Суреттегі көлік түрлерін үш топқа бөліп атау.

«Суретте не артық?» дидактикалық ойынын жүргізу.

Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстыру.

Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?

Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады?

Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері бар?

Аула бағдаршамы, жол, көліктер.






Не артық ойынына суреттер

Балалар жол ережелерін тыңдап, қайталап айтып береді, сұрақтарға жауап береді.



Өлеңді қайталайды.

Ойын ойнайды

Жолда жүру ережелерін қайталайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.


Сұрақтарға жауап береді, өздері қорытынды пікір жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: көшеде жүру тәртібін орындайды.

Қолданады: бағдаршам туралы тақпақ, әңгіме айта біледі.

Түсінеді: жолда сақ болу туралы түсінеді



© 2010-2022