Өрт-тілсіз жау (ашық байқау)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасы





Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Өрт - тілсіз жау»



Дайындаған : «Күншуақ » тобының тәрбиешісі:

Р.М Узембаева







Мақсаты: Өрттің тілсіз жау екенін түсіндіру. Өрттен сақтану

жолдарын үйрету. Өрт қауіпсіздігін

болдырмау.Ойлауқабілеттерін,сөздік қорын

молайту,қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Көк аспанда күн күліп,

Бірге күлсін бүлдіршін,

Ұл қолында ту жүрсін!

Қыз қолында гүл жүрсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Өрт- тілсіз жау (ашық байқау)

Тәрбиеші: - Балалар,бүгінгі іс-әрекетімізді бастамас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғалы тұрмын.Сол жұмбақ арқылы бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбын ашамыз.

Жұмбақ: Тоңғандарды күлдірер,

Аяғы жоқты жүргізер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер. (От)

  • Бұл жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар,бұл жұмбақтың шешуі от екен.Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамағымыз да піспейді,үйіміз де жылынбайды.Ал тамақ ішпесек бойымызда күш болмайды.Бойымызда күш болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады.Отсыз тоғып жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.Сонымен от өміріміз десек те,оның әлемді жайлаған алапатың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн.Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. Өрт- тілсіз жау (ашық байқау)

  • Қәне,балалар,біздің от туралы жаттаған тақпақтарымыз бар,айтып жіберейік.

Алихан: Отты жағып жылынсаң,

Досың емей немене?!

Егер өртке ұрынсаң,

Қасың емей немене?!

Айман: Бәлеге сен түсерсің,

Оттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ,

Қазір жанған жалынды,

Алып-ұшып қуаламақ.

Әділет: Сіріңкені ұстасаң,

Өртеніп жүрерсің,

От жақпа күйерсің,

Бәлеге сен түсерсің.

  • Жақсы,балалар,енді сендермен бір ойын ойнап жіберейік.

«Не жанады,не жанбайды » ойыны

Мақсаты:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Ортаға екі шығып жанатын(қағаз,ағаш,шүберек) және жанбайтын(су,құм,тас,топырақ) заттарды екі топқа бөліп жинастырады. Өрт- тілсіз жау (ашық байқау)

Тәрбиеші: -Қазақ халқы дәстүрінде сақтыққа,қауіпсіздікке көп көңіл бөлген.біздің балаларымыз қауіпсіздік.сақтық ережелеріне арналған қандай мақал-мәтелдер біледі екен?

Амина: «Отпен ойнама-күйерсің»

Алижан:«Ойын түбі - өрт»

Балнұр: «Өрт - тілсіз жау»

Тәрбиеші: - Балалар,шаршадыңдар ма,қәне орнымыздан тұрып бір сергіп алайық

Сергіту сәті: Жаз да келді сағынта,

Жер жаһанды қаңсыта,

Іші пысқан балалар,

От жақты шөпті бықсыта,

Бықсып жанған от енді,

Алып-ұшып жөнелді,

Өшірем деп ұмтылған,

Балаларға көнбеді.

  • Балалар,бүгін бізге қонақ келеді.

Өрт сөндіруші кіреді:

  • Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен өрт сөндіруші боламын.Өрт болдырмау үшін мынаны есте сақтаңдар:Орманға барғанда сіріңкені жағуға болмайды.Жаныа жатқан затты өз бетіңмен өшіре алмасаң,қасыңда үлкендер болмаса 101 телефонына хабарласу керек.Ата-анаң рұқсат еткен заттарды ғана пайдалану керек.Балалар,оттың түсі қандай болады?

Балалар: - Қызыл

  • Өрт сөндірушілердің машинасының түсі қандай?

Балалар: - Ол да қызыл

Тәрбиеші: - Балалар,өрт сөндірушілер дабыл қаққанда тез киініп,тез жиналулары керек.Қазір сендермен қызықты бір ойын ойнап жібеерейік.

Ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру,шапшаңдыққа,ептілікке баулу.

Шарты: Екі баланы ортаға шығарып,дабыл қаққанда өрт сөндірушілердің киімін киініп үлгерулері керек.

Өрт- тілсіз жау (ашық байқау)

Өрт- тілсіз жау (ашық байқау)

Өрт сөндіруші: - Жарайсыңдар,балалар! Менің басқа да жұмыстарым бар.Өрт қауіпсіздігін сақтаңдар,сіріңкемен ойнамаңдар,сауболыңдар.

Тәрбиеші: - Балалар,айтыңдаршы мынау не?

  • Сіріңке

  • Сіріңке ойыншыққа жата ма?

  • Сіріңке не үшін қажет?

  • Сіріңке жақса не пайда болады№

  • Сіріңкемен ойнауға болады ма?

Тәрбиеші. Кішкентай сіріңке үлкен орманды өртейді.сіріңке ойыншық емес,от ермек емес.Ұшқыннан өрт шығады.Олай болса балалар,қауіпсіздік ережелерін сақтайық.Балалар,бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?

  • Қонаққа кім келді бүгін?

  • Өрт болған жағдайда қайда телефон шалу керек?

  • Осымен бүгінгі «Өрт - тілсіз жау » атты іс-әрекетіміз аяқталды.







© 2010-2022