• Преподавателю
  • Дошкольное образование
  • "- 3 саны. 3 саны және таңбасымен таныстыру; 3 саны дейін тура және кері санауды; басқа сандардың арасынан тауып алуға үйрету; -0, 1, 2, 3 сандарын заттармен сәйкестендіруге одан ары қарай жетілдіру; ұоіә мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес және топпе"

"- 3 саны. 3 саны және таңбасымен таныстыру; 3 саны дейін тура және кері санауды; басқа сандардың арасынан тауып алуға үйрету; -0, 1, 2, 3 сандарын заттармен сәйкестендіруге одан ары қарай жетілдіру; ұоіә мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес және топпе"

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 2 «Бота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:26.11.2015ж. Тәрбиеші: Закирова Б.Р.

Білім беру саласы: Таным

Бағдарлама тараулары: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: - 3 саны.

Мақсаты: - 3 саны.3 саны және таңбасымен таныстыру; 3 саны дейін тура және кері санауды; басқа сандардың арасынан тауып алуға үйрету;

-0,1,2,3 сандарын заттармен сәйкестендіруге одан ары қарай жетілдіру; ұоіә мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес және топпен орындауға дағдыларын қалыптастыру; балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тіл байлығын дамыту.

-ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Құрал жабдықтар: май шам, «0» патшалығы, «1» патша, «2» патшайым, «3» ханзада, ойыншықтар, геометриялық ірі пішіндер, «Геродот» ойыны, санауға арналған таратпа ұсақ сандық карточкалар.

Қостілдік компанент: үш саны-цифра три, патшалық-царство,

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Сәлем саған- Алтын күн!

Сәлем саған-Жер ана!

Сәлем саған-достарым!

Сендерді көрсем қуанамын.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Тәрбиеші май шам жағады да:

-Балалар, мына отқа қарағанда не сезінесіңдер, қандай көңіл күйге бөленесіңдер?

Ия, дұрыс айтасыңдар. От әрқашанда адамдарға жылу, жарық, жақсы көңіл күй, мейрімділік сыйлайды. Ал онда осы оттан алақанымыз арқылы жылу, куат алайық. Бір-бірімізге күлкі және мейрімділік сыйлайық.

Ал, көңіл күйлерін қалай?

Түнде қалай ұйықтадыңдар?

Шағын орталыққа қалай келдіңдер?

Қалай теңтек болдыңдар?

Жарайсыңдар!

ҰОІӘ бастайық,

Тентек болғанды тастайық.

Шеңбер бойы тұрып, сөздерді тәрбиешімен қайталайды.

Балалар жартылай шеңбер бойымен отырады

Балалар жауабы (тыныштық, жылу, қуаныш).



Балалар күш- қуат алып, бір-біріне күлкі сыйлайды.

Міне (қимыл мен көрсетеді)

Міне

Міне

Міне

Ұйымдастыру-іздестіру

Жаңа тақырып

-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Мен онда сендерді ертегі әлеміне шақырамын. Ерте, ерте, ерте де, математикалық ертегі әлемінде «0» деген үлкен патшалық болыпты. Ол патшалықты: қатал мінезді «1» патша және ақылына көркі сай «2» патшайымы өмірсүріпті. Патша мен патшайымның ер жүрек, батыр, үш патшалықтың иесі, үш басты айдаһарды жеңген, үш үлкен сандық алтыны бар ұлы болыпты.Соған қарағанда ұлының аты кім болыпты деп ойлайсыңдар?

Жарайсыңдар, балалар! Дұрыс айтасыңдар ұлдарының аты « Ханзада Үш» болыпты. Ол үш деген санды жақсы көріпті. Ханзада Үш көңілді, ақылды болғандықтан патшалықта жиі мерекелер, жарыстар, ойындар ұйымдастырып отырады екен. Міне бүгінде жарлық шығарыпты оны біздің топта ақылды балалар бар екенің естіп бізгеде жіберіпті. Мен сеңдерге оқып берейін.

Жарлықты оқу.

«Үш ханзаданың» бізге дайындаған

Жұмбақ есебі:

-Гүлдерге кеп күнара,

Қонушы еді 1 ара.

-Бүгін 2 туысын,

Ертіп келіпті бұл ара.

Барлығы болды неше ара?

Бір сан мен екі санның қосындысы 3 саны болады. Мына 3 санымен таныс болайық.

Үш саны неге ұқсайды?

«Зейінді балақай» дидактикалық ойыны

Ал онда балалар біздің ойыншықтардың ішінен көлемі әртүрлі бір ойыншықтың үш түрін ортаға алып шығындар.

Сен қандай ойыншық алып шықтың?

Саны нешеу?Сана?

Көлемдері қандай?

Сергіту жаттығуы

1,2,3-жина қолға күш.

1,2,3-жина аяққа күш.

Ал онда бізде ұсақ тастардан 3 саның жазып көрейік.

Сергіту ойыны «Санамақ»

«Сандарды ретімен қой» дидактикалық ойыны

«Ұлдар мен қыздар» ойыны

Балалар мына қораптағы заттар нелер деп ойлайсындар? Қазір осы геометриялық пішіндерді қыздар реттеп бөледі, ал ұлдар мына қораптағы сандарды суреттерге қарай реттеп орналастырады.

Жарайсыңдар, балалар. Осы геометриялық пішіндердің ішінен қай пішінді «Ханзада Үш» жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

«Геродот» ойыны.



Жарайсындар, балалар!

Ия

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Тәрбиешінің сұрағына жауап береді.







Бір бала тақтаға шығып 1 араны іледі.

Бір бала шығып екі араны іледі.

3 ара

Екі майысқан қошқардың мүйізіне, жыланға, екі құрытқа.



Балалар жауабы.



Балалар тақпақты айтып қимылмен көрсетеді.

Үстел үстіне барып ұсақ тастардан үш саның жасайды.

Сандарды ретімен қояды.

Тура санайды, кері санайды.

Орыс және ағылшын тілінде санайды.

Геометриялық пішіндер.

Балалар таптасып ойынға кіріседі.

Ойын шартын бұзбай, тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.

Үшбұрышты жақсы көреді. Өйткені ол үш санымен байланысты.

Түрлі-түсті резенкелерді қолданып үшбұрыштын пішінің жасайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту. Ханзада үштің сыйлығын алу үшін бізге тағы бір ойын ойнау керек.

«Ыстық қорап» ойынымен тәрбиеші сұрақтар арқылы ұоіә бекітеді.

-Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық?

-Үш саны қай сандардан пайда болады?

-Қане сандарды қайталайық?(қорап лақтырылады)

Қораптың ішінен сыйлық шығады (алтын тиынды шоколадтар)

«Ыстық қорап» ұстап алған бала сұрақтарға толық жауап беруі керек.

Үш

Бір мен екіден

Әр балаға түскен санды атайды.

«Ханзада үшке» рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: сан мен сан таңбасын сәйкестендіруді.

Нені игерді: үшбұрыш геометриялық пішінін басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алуды.

Істей білу керек: мұқият тыңдауды, бірігіп ойнауды , тату болуды.



© 2010-2022