Отбасындағы кикілжіңнің балаға әсері баяндамасы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Отбасындағы кикілжіннің балаға әсері»

Қазіргі таңда еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болып отыр. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі ұйымдарда, баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Бөбекжай - бүлдіршіндерін болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен -кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата - аналар мен бөбекжай тәрбиешілерінің қасиетті борышы.
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам оның ата- анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата- ананың орны ерекше, сондықтан ата - ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Мысалға алып, айтатын болсақ; ата-анасының бір-бірімен келіспеушілігі, ажырасуы, жанжалдасуы, барлығы баланың жүйке-жүйесіне кері әсер беруі мүмкін. Отбасындағы ұрыс - керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата - аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Осыдан келіп баланың психикалық дамуы өте нашар күйде қалыптасады. Қырсықтық, тыңдамау, ашуланшақ мінездері есейген кезде достарымен араласуына, қоғамдық ортамен жақын араласуға кері әсер береді. Ата - аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата- ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез - құлқы, дұрыс қарым - қатынасы - балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата- ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата- ана өз баласы үшін- басты тұлға. Сондықтанда кез- келген бала алдымен үлгіні ата - анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата- анасы баласымен пікірлесуде бей ауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымының педагогикалық ұжымы ата- аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «Түзу кірпіш қалау» екені ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңіу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстанымын ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар: Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені олда өсіп келе жатқан тұлға. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. Баланың өз ісін уақытымен күнде қағалау, бақылау . Баланың әрбір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу. Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүрмен қайнарына қондырып өсіру әкен мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесі отбасында басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі, ұлттық - сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс- тәсәлдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы- балабақша-бөбекжайы.





© 2010-2022