Тіл дамытудан Жабай жануарлардың қысқы тіршілі тақырыбына ашық сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Жабайы аңдардың қысқы тіршіліі туралы,олардың қысқы табиғатқа бейімделуі түсініктерін кеңейту.

  2. Сурет бойынша аңдарды толық сипаттау және салыстыруға сөйлем құрастыру, сұраққа жауап бере отырып өз ой пікірлерін қосу арқылы ойлау қабілетін дамыту.

  3. Жануарларға қамқорлық жасауға, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыруға үйрету.

Көрнекіліктер: жабайы жануалар бейнеленген суреттер, олардың дыбысы басылған үнтаспа.

Сөздік жұмыс: қуыс, апан, ін, үйір, айдын.

Іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімдерін ояту

1.Шаттық шеңбері:

Ормандар,жап-жасыл ормандар,

Орманды отаушы болмаңдар!

Отан мен орман жұп, бір ұғым,

Орманды, Отанды қорғаңдар!

-Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір-бірімізге деген жылы сезімдерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

2.Тәрбиеші балаларға жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсінік береді.

-Қыс мезгілінде ормандағы барша жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштық қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста оларды қорек етеді.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.

-Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды?

-Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?

3. «Дауысына қарай тап» дидактикалық ойын. Ойынның шарты: аудиотаспадан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату. Сонан соң сол жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Тәрбиеші балалардың жауаптарын толықтырып, жаңа мәліметтер береді. Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.

-Қыста аңдар немен қоректенеді?

1)қыста сұр қоян түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміреді. Қоян мен бұғылар қысқа азық дайындамайды. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді.

2)қасқыр мен түлкі жыртқыш аңдар болғандықтан өзінен әлсіз болған жануарлармен қоректеніп жүреді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды искелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы - тышқан.

3)ал аю қысқа азық жинайды, қысқы ұйқыға кетеді. Жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады.

4. Сергіту сәті өткізу:

Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді.

4.Сөздік жұмысын жүргізу.

Суыққа дірдектеп - қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.

Айдын - жайылып жатқан су алады.

5.Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аю суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.

6.Ә.Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату

7. «Жануарлар тіршілігі» дидактикалық ойын. Тәрбиеші қоржын қалтаға ойыншық жануарларды салып қояды. Балалар қолдарын салып қолына түскен ойыншықты алып шығып олардың тіршілігі туралы түсінік береді. Тәрбиеші оларды толықтырып отырады.

Балалар тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Балалар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.

Қимыл-қозғалыс арқылы орындалады.

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

«Ақ аю» өлеңін балаларға жатқа айтқызу.

1.Қоянның қыста түсі қандай түске өзгереді?

2.Қандай жануар қысқы азығын жинайды?

3.Қандай жануар қысқы аззығын жинамайды?

4.Жануарлардың қысқы тіршілі туралы не білдік?

Балалар жабайы аңдар мен үй жануарларын салыстырып айтады.

Күтілетін нәтиже: ормандағы аңдардың қысқы тіршілін ұғыну.

Білуі тиіс: жануарлардың тіршілігі туралы өз ойларын жеткізуі.

Түсінігі: апан, ін, қуыс үйір, суыққа дірдектеп сөздерінің мағынасын білуі.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алуы.



© 2010-2022