Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдепті бала - арлы бала

Тақырыбы: Әдепті бала - арлы бала
Мақсаты:
Білімділігі:: Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату.
Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: Суреттер, шаңырақ. Дидактикалық ойын «Отбасы», сыйлықтар.
Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату, тапсырмалар, көрсету.

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Ал балалар алдымен бір бірімізбен сәлемдесіп, жақсы лебіздерімізді білдірейікші.

- Жарайсыңдар енді балалар киіз үйге кіріп отырайық.
- Бұл не?
Ғажайып сәт: Тазша баланың келуі:
- Сәлеметсіз бе балалар!
- Сәлеметсіз бе сіз кім боласыз?
- Қайдан келесіз?
- Балалар біз Тазша балаға көмектесеміз бе? Суреттерді ілу, әңгімелеу.
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?
Құстың ұясын бұзуға болама екен?
Ол жақсы балама, жаман балама?
- Енді мына суретке қарайықшы. Суретте бала не істеп жатыр?
- Ол жаман балама жақсы балама?
- Жарайсыңдар балалар. Жақсы жаман туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Сергіту сәті:
«Бас бармағым ата үйдің данасы. Балалы үйрек әке үйдің панасы Ортан түйрек әже үйдің анасы, Шылдыр шүмек шеше шаңырақтың ажары, Кішкентай саусақ бала титтей барлығының баласы.



© 2010-2022