Ертенгілік: Жайдарлы күз, жарқын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Зеренді аудан

«Айгөлек» б\б

Викторовка ауылы




Ертеңгілік


Тақырыбы:


«Жайдарлы күз, жарқын күз»







Өткізген:Буршахбай.А



2015-2016 оқу жылы

Жайдарлы күз, жарқын күз

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балалар, бүгін баршамыздың мерекеміз. Балабақшамыздағы «Балапан» тобының бүлдіршіндері және ата - аналардың қатысумен «Жайдарлы күз, жарқың күз» сайысын өткізгелі отырмыз. Баршаңыз мерекеге қош келдіңіздер!

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)

Ортаға сайысқа қатысушы аналарымызды қол соғып құрметтеп қарсы алайық. Санжар, Зауреш апа, Марғұлан,мамасыТілеген,Алмас мамасы Айнұр, Аррайан мамасы Айтжамал, Жансая мамасы Бақшагүл, Жасмина әжесі Жұмабике

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Жүргізуші: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік. Имамагзамова А.Е. Даниярова Г. Д. Оспанова Г.

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Қош келдіңіздер, сіздер орындарыңызға жайғасып отырыңыздар. Мен сіздерді байқау шартымен таныстырып өтейін. Байқау 8 бөлімнен тұрады:
1.«Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл». (Өздерін таныстыру)

2. «Шебердің қолы алтын».(Үй тапсырмасы, әкелген бұйымдарын таныстыру)

3.«Кім жылдам?». (Жұмбақтар шешу)

4. «Өнерлі өрге жүзеді». (Өз өнерлерін көрсету)

5. «Күзгі сән үлгісі». (Бүлдіршіндермен бірге)

6. «Ас адамның арқауы».

7. «Менің қиялым». (Сурет салу)

8. «Қиыннан қиястырғанда». (Күз тақырыбына байланысты шағын шығарма жазу)

Жүргізуші: Кімдер білгір, өнерпаз білейікші,

Жарасымды жанұя екен деп жүрейікші.

Әділқазы алқасына әділдікті,

Ал жанұяларға сәттілік тілейікші.

Ән: «Күз»

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

1 - бөлім:

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жанұялар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер дейміз.

Сайысқа қатысушылыр өздерін таныстыру.

2- бөлім:

«Үй тапсырмасы бойынша әкелген бұйымдарын» таныстыру.

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз



3- бөлім:

«Жұмақ сайысы».

Қазынасыз толы ғой қымбаттарға,

Түсінерсің тоқ етер тіл қатқанда.

Келесі тапсырманы орындап біз,

Ал ойланып көрейік жұмбақтарға.

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.(таба нан)

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

4- бөлім:

Жүріңіздер нық басып аяқ,

Қалыс қадам қалмасын некен саяқ.

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

5- бөлім:

«Күзгі сән үлгісі».

Сән үлгісін дайындағанша балалардың тақпағын тыңдайық

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Люда: Ағаштардан жамырақ

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ!

Радмир: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Нұрасыл: Күзім -ау, күзім - ау

Мінезің бұзық - ау

Жаңбырын сіркіреп

Келгенің кызық - ау

Аяжан: Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегін желбіреп

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз



«Асадамнын арқауы»

Аналарымыз дайындағанша балалардың биін тамашалайық

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Би: «Карей биі»

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз




Тақпақтар:

Арайан: Жомарт көңіл, жарқын күз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз

Көптен күтіп сағынған

Санжар:Күз айы тамаша

Ән айттық жаңаша

Би билеп бәріміз

Куанайық балаша

Жасмина: Жемісті мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Жансая: Қандай өзі береген

Алмасын - ай алмасын

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсын

Жасмина: Жемісті мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Алмас: Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен

7-бөлім:

«Менің қиялым» Сурет салу

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Ән: «Бауырсақ»

Асанәлі:Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі

Антон: Алтын күз келді

Сары күз келді

Жауыпты жапырақпен іздерді.

Тамерлан: Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Аспанға өрледі

Құстарда ән салып

Ән: «Жапырақтар»

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз




Ойын: «Жапырақтар жинау»

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

8- бөлім:

«Қиыннан қиыстырғанда»

Би: «Қызыл өрік»

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Жеңімпаздарды марапатау

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Жүргізуші:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз.

Баршамызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осыменен аяқталды мерекеміз.

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

Ертенгілік:Жайдарлы күз, жарқын күз

© 2010-2022