Ашық сабақ Жабайы жануарлар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

«Қатынас» саласы бойынша

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Жабайы жануарлар

Мақсаты:Жабайы жануарлар туралы түсінік беру.

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білу

Сөздік қорын молайту,еркін сөйлеуге дағдыландыру,аңдарды

сипаттауға, салыстыра білуге үйрету ,аңдарға қамқорлық жасауға,

аялауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: -түсіндіру

-сұрақ,жауап

- ойын

-әңгімелесу

-ғажайып сәт.

Қос тілдік компанент: түлкі- лиса

Қасқыр-волк

Қоян- заяц

Аю-медведь

Керекті құралдар: ойыншықтар (аю, қасқыр, түлкі, қоян ) ғажайып сандық ,

ширма

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың жауабы

Мотивациалық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер: «Әдепті елдің баласы ,алдымен сәлем берер»деген Сәлеметсіздерме?

Здраствуйте гости! Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыстағы қария сәлем берер деген

Ассалаумағаликум!

Енді барлығымыз ойын ойнайық.

Ойынның аты «қауышу» деп аталады. «қауышу»деген сөзді қалай түсінесіңдер,кім өз ойын айтады? «құшақтасу ,төс қағысу деген сөз. Жарайсың

Ендеше біз «қауышу» ойыны арқылы бір-бірімізді құшақтап,

кешегі ренжіген сәттерімізді ұмытып,жақсы көңіл күймен қауышайық.Тамаша көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Кәзір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің неше айы бар?

Қар жылдың қай мезгілінде жауады?

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім айтып береді?

Жақсы ,балалар енді барлығымыз бірге қысқы орманға саяхатқа барайық.Жол қысқарсын кім қыс мезгілі туралы тақпақ оқып береді?

Міне,балалар орманғада жеттік.Айнала аппақ қар екен, тағы басқа орманнан не көріп тұрсыңдар?(тоғайлар,құстар)

Балалар , бері келіңдерші тоғайдың арасында сандық жатыр.Сандықтың ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

Онда мына жұмбақтарды шешіңдер.

Жұмбақтар:

Өзі қу,әрі айлакер,жүрген жері айқай шу. Бұл не?жұмбақтың шешуін кім айтады?жарайсың бұл түлкі (сандық ішінен түлкіні алып көрсетем)Бұл түлкі,ол жабайы аң.Оның түсі сары ,мынау басы,ал мынау денесі басында екі көзі тұмсығы бар.Ол тұмсығымен жақсы

иіс сезеді ол орманда,тау тастың арасында өмір сүреді.Түлкі қысқа азық жинамайды,қар астындағы тышқандарды аулап жейді.Оның құйрығы ұзын,әрі әдемі.Ол өте қу аң,түлкінің баласын жәутік дейді ,орысша лиса дейді.Балалар мына түлкіні ертедегідегі түлкіге айналдырайық па?Түлкіні сандыққа салып сиқырлы сөздер айту арқылы сиқырлайық.Кәне,біз қандай сиқырлы сөздер білеміз айтайық.(ахалай-махалай,сахалай,

суф,суф ) Ой,қандай керемет ойыншық түлкіміз ертегідегі түлкіге айналып кетті.Түлкіжан біздің сыйлы қонағымыз бол ,төрлет.

Түлкі:Балалар сендерге рахмет,мені сандықтан шығарып ертедегі түлкіге айналдырдыңдар.Менің достарымада көмектесіңдерші,мен достарыммен бірге орманға қайтқым келеді.Жарайды біздің балалар саған көмектеседі.

Енді балалар түлкі саған арнап түлкі туралы тақпағын оқысын.

Балалар түлкінің достарына көмектесу үшін жұмбақтар шешу керек. Жазда қыдырады,қыста тынығады.Шешуі не?кім айтады? Жарайсың енді сандықтан шыққан ойыншық аюды алып кім сипаттап айтып береді? Кім жұмбақ жасырады? Аю туралы тақпақты кім оқиды?

Мен тағы жұмбақ жасырам,мұқият тыңдаңдар.Көлеңкесінен қорқып безектейді,баласын оның көжек дейді бұл не?,балалар жарайсың.

Енді кім қоян туралы сипаттап айтып береді?Қоян туралы тақпақ оқу.Сандықтан тағы аң шығару,

Аузы бейне шалғы орақ,шөп емес бірақ малды орады бұл не? Қасқыр кім қасқыр туралы сипаттап айтып береді?Аңдар туралы тақпақ оқу

Тіл ұстарту жаттығуы:

Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян

Ю-ю-ю қорбаңдаған аю

Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі

Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр

Мақалдар айту: «бөрі азығы жолда

Түлкіні құйрығы құтқарады»

Сергіту сәті:

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбең деген көлеңкем

Кім көрсетіп береді

Қоян қалай секіреді,

Қасқыр қалай жортады

Түлкі қалай жүреді

Аю қалай қорбаңдайды.

Балалар сендерге барлық аңдар құтқарғандарың үшін рахмет айтып жатыр.

Бұл аңдар қайда өмір сүреді?

Неге жабайы аңдар дейміз?

Тамақтарын кім тауып береді?

Өздері тауып жейді.Аю қыста не істейді? Біздің ауылымыз Самарда жабайы аңдар бар ма?

Бұл аңдарды тағы қайдан көруге болады?

Аңдар саябағынан зоопарктен көруге болады.

Ойын «Сөйлемді аяқта»

Ойынның шарты:мен сөйлемдер айтам ,сендер аяқтайсыңдар мұхият тыңдаңдар:

Аюдың балалары...........

Қасқырдың баласы...........

Қоян күзде сұры ал қыста..........

Кірпі кішкентай ал аю...............

Жарайсыңдар!

Түлкі: Рахмет балалар ,менің мына сиқырлы сандығымда сендерге арнаған сиқырлы сусыным бар,апайларыңа берейін сендерге береді.Ал мен достарыммен бірге орманға қайтайын.Сау болыңдар

Балалар өздерін өздері қортындылайды.

Барлық балалар бірігіп айтады.



Айназ





Айгерім

Диас

Виталина

2-3 баладан сұрау







Таир

1-2 баладан сұрау











Алина



Дарын

Алихан



Нурхатиян

2-3 баладан сұрау



Назерке

Найла



Айназ

Балалар бірге айтады



Барлық балалар аңдардың қимылдарын көрсетіп жасайды

Орындарына отыру

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Жабайы аңдарды біледі,сипаттап айта алады.

Игерген жаңа сөзі:жәутік,бөлтірік,көжек,қонжық.



© 2010-2022