Сынып сағаты Ел - сүйсінер ұлан бол

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:«Ел сүйсінер ұлан бол!»

Сабақтың мақсаты:

1.Туған елін, жерін шексіз сүюге ,Отанын ,тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу.

2. Қазақстандық елжандылыққа,азаматтыққа,ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кітаптар, суреттер, нақыл сөздер, аудио жазба.

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасып, білімгерлердің көңіл-күйін, ауа- райын сұрап, сабаққа зейіндерін аудару.

Кіріспе сөз:

Балалардан қай жерде туып өскені туралы сұрап жеке -жеке жауап берулерін талап ету.

Шаттық шеңбері.

-Балалар бүгінгі көктемнің тамаша бір күні мен жұмысқа келе жатып , өзімнің туған жерімді,туған ауылымды есіме алдым. Онда тұратын ата-анам, туыс-бауырларым маған өте қымбат.

- Сендер өздеріңнің туған жерлерің,жанұяларың туралы не айта аласыздар?

-Туылған жерің өмір сүріп жатқан жерінен алыс болса, туылған жерін сағынады ма?

- Аңсайсың ба ? -деген сұрақтар қойылады.

- Туған жеріңді мақтан тұтасыңба?

- Туған жеріңнен қандай атақты адамдар шықты?

- Туған жерің несімен ерекшеленеді? (Табиғатымен, көлемімен,тарихымен,тұратын адамдарымен,батыр бабаларымен. т.б)

Ендеше, бәріміздің де Отанымыз,туған жеріміз -Қазақстан. Біз өз Отанымызды құрметтейміз. Барлығы да Отаннан патриоттық сезімге ұштасады.

Отан туралы астарлы әңгіме

( Аудиожазба арқылы тыңдайды.)

Адам өзінің туған жері Отанында, өмір сүріп жатты.Адамның басқа керемет жерлерді көргісі келіп, жұмақ өмірді аңсап , байлықта, шаттықта өмір сүргісі келеді.Сөйтіп Адам жұмақ жерді іздеп жөнеледі.

Армандаған еліне, аңсаған жеріне келіп өмір сүре бастады.Ол жақта адам туған жерінен де, тамаша өмір сүре бастады.Ол жердің табиғаты да керемет, керемет зәулім үйлер, киген киімі патшалардыңкіндей, не ішем - не жеймін демей өмір сүріп кетті.

Бірақ бәрібір бақыт үшін оған ылғи бірнәрсе жетіспеді.Адамның жан дүниесі бір нәрсені аңсап , осы бір жұмақ өмірде өзіне не жетпей жатқанын түсінбеді.

Кейіпкеріміз не үшін ондай сезімде болып, көңіл-күйі құлазыды?

Бірде айлы түні адам ұйықтай алмай, басына сан алуан ойлар келіп, сұрақтарға жауап таппай, жанына не керек болып жатқанын түсінбей делебесі шықты.Кенет ол қоңыраудың күмістей нәзік дауысын естиді.Құлақ салып тыңдайды.

«Ба! Иә мынау қоңырау ғой! Сол дауыс қой!» - деп адам қуанады.Тағы да осы дыбыстарға құлақ сала бастады.

«Туған жердей жер болмас! Туған елдей ел болмас!» - деп әлгі қоңырау сылдырлай түсті. Адам әлгі өлеңнің сөздеріне ойланып қалады да, туған жеріне деген сағыныш сезімінің артып, ата - бабалары жатқан туған елінің топырағын аңсай түсті .

Адам туған жерін аңсай бастады, бірақ мына зәулім үйлерді, шаттық өмірді де қиып кете алмады.Ал туған жерге деген сағыныш күн өткен сайын күшейе түсті.Зәулім үйлер өзінің туған жеріндегі үйінің жанында түк болмай қалғандай, киіп жүрген қымбат көйлектерінің өзінің туған жеріндегі көйлекке татымай, дастарқандағы молшылық, өзінің туған жеріндегі ыстық нанның дәміндей тәтті болмай қалғанын сезіне бастады.

Сол сәттен бастап адамға өзінің ата - бабалары жатқан, өзінің еккен тал - дарағы өскен жері, өзінің маңдай терімен соққан үй - жайы тұрған жеріне деген сағыныш сезімі маза бермеді. Адам бұл жұмақ жерді тастап өзінің туған жеріне жөнелді.

Адамның жан дүниесі шаттықтан жарқырап күн сәулесі жолын нұрландырып, туған жеріне деген сағыныш сезімінің жетегінде кете береді.Жүрегін қуаныш сезімі билеп туған жеріне жетеді.

- Туылған жеріне жеткенде кейіпкеріміз қандай сезімге бөленді, өз туған жерінің қадірін түсінді ме?

Адамның бойын бақыт сезімі билеп, туған жеріңді, Отаныңды дүниедегі қандай да бір байлыққа ауыстыруға болмайтынын түсінеді.

Балаларға үй тапсырмасы ретінде «Отан» тақырыбында өлең шумақтарын жаттап келуге берілген. (Балалар жаттаған өлең шумақтарын оқиды.

Оқушы

Отанды біз атамекен

Деп аялаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Оқушы

Отанды жас,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде

Туып өмір сүреміз

Оқушы

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер, аялап

Оқушы

Отан деген- атамекен

Отан деген- туған жер

Отан-ана,Отан-үлкен

Қазақстан -туған жер

Енді Отанды сағынамыз, Отанды қастерлейміз, құрметтейміз. Жай сөзбен айта саламыз ба, әлде өзіміздің іс-әрекетімізбен Отанға деген патриоттық сезімімізді білдіреміз бе? Ол қандай іс-әрекеттер деп ойлайсыңдар ?

- әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеу.

- туған жердің табиғатын қорғау

- адал еңбегіңмен еліңнің көркеюіне үлес қосу

- білімгерлердің қазіргі міндеттері - білім алып, елінің болашағын жақсарту, дамыту үшін білім алу.

- еліміз үшін күрескен батыр бабаларымызды құрметтеу , олардың ерліктерін ұмытпай дәріптеу.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,

Қазағымның жерін, елін қорғайтын.

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.

Сынып сағатымызды батыр бабамыз Б.Момышұлының «Отанды сүйер ұлан болыңдар ! Өз Отаныңа - лайықты азамат болып өсіңдер!» деген даналық сөзімен аяқтаймыз. Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге мәңгі сүюге әрқашан қолдап - қорғауға уәде етеміз.

Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар!













«Тәжен мектеп-балабақша кешені» КММ










Сынып сағаты

Тақырыбы: «Ел сүйсінер ұлан бол!»








Мектепалды даярлық тобы мұғалімі: С.Кадамова



2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022