Мақала Біз мемлекеттік аттестациядан өттік!!!

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біз аттестациядан өттік»

Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы №2 «Айгөлек» бөбек-бақшасы МКҚК-да «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің 22.02.2016 жылғы №51 н/қ бұйрығы бойынша 2016 жылғы 23-25 ақпан аралығында балабақшада мемлекеттік аттестаттау болып өтті. Комиссия төрағасы А.У.Сисембина, мүшелері Н.Т.Абдуллина, М.Е.Есенгазина ҚР білім беру заңнамалары талаптарының сәйкестігіне қорытынды беру мақсатында бақылаудың өзге де нысанын жүргізу үшін балабақшада бақылау жұмыстарын жүргізді. Аттестаттау жұмыстары барысында балабақшаның оқу-әдістемелік жұмыстарын жан-жақты талданып, комиссия тарапынан балабақшаның педагог қызметкерлеріне тиісінше әдістемелік нұсқаулар берілді. Бақылаудың қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Алма Умирсериковна мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын, тәрбиеленушілер білімдерінің деңгейін тексеру, материалдық-әлеуметтік базасының жағдайы және кадрлардың кәсібилігін жан-жақты талдап, балабақшаны «аттестаттауды» ұсынатынын айтты. Комиссия сарапшыларының айтуынша, педагогикалық ұжым қызметі «жақсы» деңгейде, құқық бұзушылықтың анықталмағанын айтты. Бақылаудың өзге де нысанын жүргізу қорытындысы Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментіне ұсынылды.

Балабақша әдіскері Сабанбай Б.М.



© 2010-2022