Балабақша І - кіші топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 бөбекжай - бақшасы»








Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Кіші сала: Сенсорика, Мүсіндеу

Тақырыбы: Түлкіде қонақта




І-кіші «Балдаурен» тобы

Орындаған: Меден Т.














Қостанай қаласы

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы.

Жасы: «2-3» Бірінші кіші «Балдаурен» тобы

Тақырыбы: Түлкіге қонаққа барамыз.

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Кіші сала: Сенсорика, Мүсіндеу

Мақсаты: Балаларды әртүрлі түстер бойынша заттарды топтастыруға әртүрлі пішіннен заттарды құрастыруға, тұздық қамырды алақан арасында домалақтау, жалпақтау дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылығын арттыру, тапсырмаларды соңына дейін аяқтау тәрбиелеу.

Алдын -ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: пішіндерді, түстерді ажырату және жұмбақты шешу.

Сөздік жұмыс: ілгіш,моншақ, печенье

Дидактикалық құралдар: Пішіндер, түстер, ілгіштер, ормалдар

Блингвистикалық компонеті: түлкі- лиса, моншақ-бусы, қысқыш-пришепка, орамал-платочек.

Іс-әрекет кезеңі

Педагогтың басқарымдық қызметі

Балалардың әрекеттері

І - кезең Мотвациялық қозғаушы

Түлкі есік қағып топқа кіреді.

Түлкі балалармен амандасады.

Түлкі орманға өз үйіне баруға ұсынады.

Балалар есік қаққана қызығушылық танытады.

Балалар түлкімен амандасады.

Орманға баруға келіседі.

ІІ- кезең

Проблемалық ізденушілік

Балаларға түлкі моншағын жинауға шақырады.

Балалар мен моншағымды судың ішіне шашып алдым, сол моншақтарды осы сүзгіш арқылы жинауға көмектесіңдерші.



Балаларға геометриялық пішіндерді ұнтақтан қолымен іздеп тауып алуға ұсынамын.


Сергіту сәтін ұсынады.

Сергіту сәті:




Печенье жасауға шақырады.

Тұздық қамырды илейміз, алақанға салып, домалақтаймыз, жалпақтаймыз, оқтауды алып жаямызда, әртүрлі пішіндермен кесеміз.


Әрине көмектесеміз.

Балалар моншақты жинауға белсене кіріседі.

Моншақты балалар судан сүзіп алып, түс - түстеріне орамалға суын сүртіп, сол орамалды қысқыштың түсіне сай іледі.

Моншақты Түлкіге сыйлайды.

Балалар ұнақтың ішінен геометриялық пішіндерді қолдарымен іздеп тауып алып, тауып алған пішіндердің пішінін, түсін атап үйшікті, құрастырады.

Балалар көтеріңкі көңіл -күймен сергіту сәтін жасайды.

Аяғымыз топ-топ

Ал қолменен хлоп, хлоп,хлоп

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда

Секіремін жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда

Балалар пиченье жасауға кіріседі.

Балалар тұздық қамырды алады, илейді, алақанға салады, домалақтайды, жалпақтайды, оқтауды алып жаяды және әртүрлі пішіндермен кеседі.

Істеген печеньелерін Түлкіге апарып береді.


ІІІ- кезең

Рефлекстік түзетуші

Балалар бүгін біз нелер жасап бердік

Мадақтау.

Печенье, моншақ, үйшік, орамалдарды ілгішке ілдік.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды.

Түсінеді: Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік.

Қолданады: Пішіндерді ажырата алуды, түстерді атап топтастыруды.


© 2010-2022