Математика 6 саны мен цифры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

  1. 6 саны, оның цифрымен таныстыру. 6 санының пайда болуы. Оның құрамы.

  2. Қосу азайту таңбаларын қолданып, 6 көлемінде есептер құрастыру.

  3. Бірлесе жұмыс істеу барысында ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру. Ойындар арқылы өтілген сандар мен цифрларды қайталау, құрамдарына мән беру. Есеп-шоттың 5 тасына тағы 1 тас қосу, 5 саусаққа бір саусақ қосқанда 6 саны шығатынын, оның құрамында алты бірлік болатынын түсіндіру, цифрын баспа түрде таңбалай білуге үйрету.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Есепшоттың тастарын санау, сағатпен уақытты бағдарлау. Суретте тізілген үшбұрыштың нешеуі боялған және қандай?

Ақтиіннің неше жаңғағы бар? Енді біреуін қосып еді нешеу болды? Торкөзді пайдаланып, қосу амалына есеп шығар, Нешеуі қалды?

6 торғайдың біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? Торкөзді пайдаланып, есеп шығару арқылы анықтау. Жаттығу жұмыстарын балалардың өздеріне таныстыру. Парталас балалармен ақылдасып, сөйлесе отырып, есеп шығаруға бағыттау.

Келесі тапсырма құрастыру жұмысы.

6 таяқшаны пайдаланып, үлгі бойынша құрастыру. Балалардың өз шығармашылығына ерік беру. Оқулық дәптерде берілген тапсырмаларды балалар өздері орындайды.

Тапсырмалар орындалғаннан кейін, балалар 6 саны, оның цифры, құрамымен танысып, көптеген мағлүмат алып, естеріне сақтап, есеп шы-ғаруда еркін қолдана алады. Бұлжытпас 5 санын артқа тастап, 6 санына келіп тоқтайды.

Балалар 1-ден 6 дейін оңға қарай тура және оңнан солға қарай кері санайды.

Сергіту сәті.

6 саны неге ұқсайды? Оның таңбасын жазу, жазуға үйрету.

Өзіндік жұмысты орындау.

Жаңа өтілген сабақты пысықтау.

"Алдыңғы көршісін тап", "Кім жылдам?", "Не естідің?" ойындарын пайдаланып сабақты қорытындылау.


© 2010-2022