Қауіпсіздік ережесін сақтау Мектепалды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қауіпсіздік ережесін сақтау- басты мақсатымыз.

Сабақтың мақсаты: Қауісіздік ережесін сақтау- басты мақсат екендігін балаларға меңгерту.

Сабақтың міндеті: Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін- өзі қорғай білуге баулу, балаларды арқылы сурет салуға үйрету. Қауіпсіздік ережесін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қауіпсіздік ережесі, үшкір зат, үлгі суреттер, бағдаршам, көлік түрлері суреттері, үлестірмелі материалдар.

Тыйым сөздер: Отпен ойнама. От- тілсіз жау.

Балалармен амандасу. Шаттық шеңбері:

Психологиялық сәт:Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйіп не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Жұмбақ:

1. Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкесең- ақ қауіп жатыр.

Ол не? (сіріңке)

2. Тоққа тисе мұрны ұзын, табанымен жазық

Киімдердің қыртысын, береді, тез жазып.

Ол не? (үтік)

3. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш.

Ол не? (қайшы)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Қауіпсіздік ережесін сақтау- басты мақсатымыз.

Өнер және ғылым орталықтарында білімдерімізді толықтырамыз. Ғылым орталығына қош келдіңіздер!

Жұмбақ: Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіне. Ол не? (ине)

Үстел үстіндегі заттармен әңгіме құрастыру.

Қайшы, шеге, үшкір заттар, пышақ, түйме, ине- жіп, қарандаш, ұсақ заттар, таяқшалар.

Дидактикалық ойын: «Қауіпсіздік ережелерін сақтайық»

-Қайшымен ойнауға, ауызға салуға юолмайды.

-Қайшының үшкір жағымен ұсыну- әдепсіздік деп саналады.

-Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.

-Үшкір заттарды мұрныңа, құлағыңа салуға болмайды.

Сурет бойынша әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру.

  1. Балалар, қалай ойлайсыздар өрт машинасы не үшін қажет?

(Өрт болған жағдайда осы көлік түрімен келіп, өрт сөндіруші ағайлар өрт сөндіреді)

  1. Өрт болған жағдайда оларды қалай шақырамыз?

(Өрт болған жағдайда 101- ге телефон шаламыз)

  1. Өрт неден шығуы мүмкін?

(Электр құралданы дұрыс пайдаланбағандықтан, үйден шығар кезде газды, электр құралдарын дұрыс тексеріп отыру қажет)

Қимылды ойын: «Құтқарушылар»

Өрт болған жағдайда жан- жануарларды, басқа да керекті заттарды, техникаларды құтқару жолдарын көрсету.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, музыка әуен ойналғанда өртте қалып бара жатқан жан- жануарларды құтқарады. Әуен ойналғанда бір мәреден екінші мәреге балалар бір- біріне беру арқылы ұжымдасып құтқарады.

Тақпақ. Бағдаршам біледі,

Бәрін де көреді.

Адам да, көлік те,

Сол шаммен жүреді.

-Өлең жолдарында не туралы айтылған? (бағдаршам туралы)

- Өлең жолдарынан қандай таныс сөздерді жолықтырдыңыздар? (көліктер)

- Өрт сөндіру көлігі, жедел жәрдем көлігі бізге не үшін қажет? (қауіп- қатер төнген кезде)

Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды»

  • Балалар, дұрыс жауапқа «дұрыс», ал дұрыс емес болса «болмайды» деп жауап бересіздер.

  • Көшеде өткенде солға, оңға қараймын. (болады)

  • Көшенің ортасында доп ойнаймын (болмайды)

  • Келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға (болмайды)

  • Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда жүремін (болады)

Балалар, біз енді өрт сөндіру көлігінің суретін саламыз.

Әдіс тәсілі:

  1. Көлікті парақтың оң жағының төменгі жағына саламыз.

  2. Бағдаршамды қағаздың сол жағына саламыз.

  3. Ортасына жаяу жүргішілер жолын суреттеп саламыз.

  4. Түрлі- түстерге бояу.

Айналайын абайла,

Жан- жағына қарайла

Жолда жүру ережесін

Есте сақта қалайда.



© 2010-2022