Дені саудың жаны сау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Денсаулық әлиппесі»Баланың мәдени гигиеналык дағдыларын қалыптастыру.

Дені саудың жаны сау

Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды.

Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда өзіндік массажға әртүрлі денсаулық жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.

Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді. Сондықтан денсаулықты нығайту технологиясы жауапкершілікпен, жаттығулар мен денсаулық жолдарының жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды.

Бұл ойын әдістер арқылы әр түрлі дыбыстарды қолданып жоғары дауыспен және төмен дауыспен баланың зейінін дамытуда қолданамыз. Баланың дыбыстық сөйлеу жағынын қалыптасуы, дауыс ырғағын дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен маңызды рөл атқарады.

Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.

Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.

Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін , рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.

Дені саудың жаны сау



© 2010-2022