Ашық сабақ Ырғақты қозғалыс арқылы бала денсаулығын нығайту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Ырғақты қозғалыс арқылы бала денсаулығын нығайту.

Мақсаты: ән арқылы балалардың бойында адамгершілік, инабаттылық сезімдерін ояту, ырғақты қозғалыс түрлерін ажыратуға үйрету.

Көрнекілік: бақытты балалардың бейнелері салынған суреттер.

Сөздік жұмыс: вальс, полька, казақ биі т.с.с.

Оку іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінін іс-әрекеті

Балалардын іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Музыка әуенімен балаларды залда кіреді. Әртүрлі ырғақты қозғалыстармен шеңбер бойымен кіреді. Сол ырғақты қозғалыстарты бір - бірінен соң бір - бірлеп сап - саппен тұрып көрсетеді.

  • Ырғақты жай жүрісі

  • Ырғақты балапан жүрісі

  • Ырғақты қамажай жүрісі

  • Ырғақты қаражорға жүрісі

  • Ырғақты көбелек жүрісі

  • Ырғақты аяқ жүрісін көрсету

Балалар әуенмен залға келеді

Ұйымдастырушылық- ізденістік

- Балалар, бүгін біз сол билерден үзінді тыңдаймыз.

Музыка тыңдау: вальс, полька, «Қамажай».

Вальс - жұптасып, үдемелі айналуда өтетін би.

Полька - жеңіл, аякты тізеден көтере секіріп билейтін би түрі.

Қамажай - қазақ халқының ұлттық биі. Көбіне аякты шалыс баса жүріп, жүн түту, ұршык иіру, киіз басу, айнаға карау секілді кимылдармен би өрнектерін жасайды.

Өткен іс-әрекет кезінде үйренген әндерді еске түсіріп, кайталап айту.


Ән орындау кезінде ережелерді естен шығармай, катты айғайламай, бірін-бірі

тыңдап орындау.

Ән үйрену: «Құттықтаймын мама»

(Н. Тілендиев. Гулфайрус Далғабай).

- Әнде не туралы айтылған?

- Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

- Көңілді әндерді мажорлы, көңілсіз әндерді минорлы деп бөлеміз. Біздің шырқаған әніміз қайсысына жатады?

Әннің мәтінін қайталап, әуенге ілесе айту.

«Сергіту сәтті»

(Балалармен шеңбер бойымен тұрамыз)

Төрт қадам алға

Төрт қадам артқа

Айналады айналады

Біздің хоровод,

Қолмен шапалақтаймыз,

Аяқпен топылдаймыз

Иықты қозғап қозғап

Ал енді, секіреміз, - деп бірнеше рет қайталаймыз.

Әуенді-қимылды қозгалыс:

топты үшке бөліп, бірінші топка вальс

ырғағымен кимылдауды, екінші топқа полька ырғағымен секіруді тапсыру, үшінші топқа Қамажай ырғағының қимылдарын жасату.

Балалар түрлі билерден үзінді тыңдайды.

Өткен іс-әрекет кезінде айткан әндерін естеріне түсіріп, айтады. Көңілсіз және көңілсіз әндерді ажыратуға тырысады.

Берілген музыкамен балалар музыка ырғағына сай ілесе алу қажет.


Би қимылдарын ырғакка

сай жасауға талпынады.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Балалар, бүгінгі іс-әрекетімізде қандай музыка тыңдадык?

-Әнде не туралы айтылды?

Ойынды жақсы ажыраткан баланы ерекше марапаттау.

Қорытындылау, бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: дауыс тембріне сәйкес балалардың дауыстарын ажырата біледі.

Игереді: вальс, полька, қамажай туралы ұғымдарды.

Меңгереді: түрлі би әлементтеріне сай қимыл жасауды.


Келісілді ______________ Бекітемін_____________

МКҚК № с/б басшысы МКҚК № с/б басшысы

Г.Д.Құдайбергенова Л.С.Серікбаева



Ән - күй сабағының

«Ырғақты қозғалыс арқылы балалардың денсаулығын нығайту» атты ашық сабақ

технологиялық картасы


Орындаған: Музыка жетекшісі: Евлоева Д.Р.




Павлодар 2016 -2 017 оқу жылдары

© 2010-2022