- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Планирование урока в 1 младшей группе детского сада Киімдердің суреті
Планирование урока в 1 младшей группе детского сада Киімдердің суреті
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Багимбекова А.У. |
Дата | 03.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Тақырыбы: Қысқы серуенге барамын
Мақсаты: Балаларға дұрыс киіну ережелерін үйрету, киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Киімдердің суреті.
Сабақтың әрекеті: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Ұйымдастыру:
Әрекет түрі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
1.Мотивация
Балалар шеңберге тұрғызып:
Бала-бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан,
Саусақтарың әйбат,
Былай, былай ойнат,-
Деп, сәйкес қимыл-қозғалыстар жасатылады.
Балалар шеңберге тұрып, сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
2.Ұйымдастырушылық-ізденістік
Киімдердің суретіне балалардың көңілін аударып, киімдер туралы түсінік береді.
Киімдер жылы киімдер де болады. Жылы киімдерге тоң, тымақ, қолғап, пима, етік жатады. Қыста біз жылы киім киеміз, ал жазда жеңіл киім киеміз. Қыста тоңның астына жемпір киіп, содан соң тоңды киеміз. Ал шешкенде бірінші тоңды шешеміз, содан соң жемпірді шешеміз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Жоғары-төмен қараймыз
Топылдатып басамыз.
Балалар суреттерге кңіл аударады.
Сергіту сәті жасалады.Сәйкес қимылдар жасалады.
3.Рефлекциялық-түзеушілік
Балалардың не үйренгенін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Қысқы киімдер туралы білімдерін кеңейтеді, киіну мен шешіну туралы біледі.