16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» мерекелік ертеңгілігі.

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Тәрбиелік мәні:
өз ұлтының тарихын, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, ұлы адамдар айтқан ұлағатты сөздер, кітап көрмесі,Астана көркісі буклет

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар!
Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата - бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.
Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

Сендер тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт талмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар:

ГАУҺАР: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

САҒЫНТАЙ: Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің.

Ақ күн боп баланың

Шаттығы боп шалдардың

НҰРАЙ: Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

ЕРКЕЖАН: Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы

Нүргүл: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Айназ: Көк байрақ-кок аспан

Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан!

Алижан: Отан елдің анасы,

Отан жердің анасы.

Алуа: Отан -жерім Отан-суым,

Отан қуат нәр береді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Жүрг: Балалар, сұрақ-жауап ойын ойнайық.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қай Республикада тұрамыз?

4.Қазақстан Республикасына қандай рәміздер жатады?

5.Әнуранның авторлары кім?

6.Тудың авторы?

7.Елтаңбаның авторлары?

8.Біз қай ауылда тұрамыз?

9.Қандай мектепке барамыз? 16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Жүрг: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүрг: «Айналайын» шағын тәрбие орталығының бүлдіршіндердін

Орындаулында «Отаным менің» әні,қабыл алыныздар.

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол

Балалардың мерекеге орай дайындаған тақпақтарын тыңдайық.

Азамат:

Отанды бәрі анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер мәпелеп

Нұрия:

Отан сенің ата-анаң,

Отан досын бауырын,

Отан өлкен астанаң,

Отан туған ауылың.

Ерқанат:

Отан деген атамекен

Отан деген туған жеро

Отан ана Отан үлкен

Қазақстан туған ел»

Ақжарқын:

Отан туған үйіміз

Отан ортақ жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Отан біздің анамыз

Отан біздің даламыз

Даламызға иеміз.

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Жүргізуші: Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз - Қазақстан

«Балдаурен әнұраны» орындалады.

Жүрг:Қазақтың ұлттық ойыны«Қыз қуу».

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Енді мақал-мәтел мен рәміздер туралы тақпақтар тыңдайық.

Ақжарқын: Туған жердің ауасы да ем.

Жанель: Жері байдың, елі бай.

Ерқанат: Отан -оттан да ыстық.

Азамат: Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

Дильназ: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Дильназ:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілді, -

Ортада - аспан әлемі.

Жанель: Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі!

Мықты болсын Елімнің керегесі!

Жүрг:Айналайын шағын тәрбие орталығының тәрбиешісінң орындауында«Ауылым әні». 16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Жүрг: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.

«Домбыра биі»

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілеймін. Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «Көк Тудың желбірегені» әнімен аяқтағым келіп отыр. Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Құттықтау сөзін мектеп директорына Баян Өмірханқызына және Ақмарал Жүнісбайқызына береміз және ата-аналарға.

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Балаларға сыйлықтар тарату.

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

16 желтоқсан Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.








Шаймерден Қосшығұлұлы атындағы

Қоғам орта мектебі






Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»



Мектепалды сыныбының мұгалімі:

Кусаинова Айнагүл Қайырқызы


2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022