Таным. Математика еліне саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таным. Математика еліне саяхатТаным. Математика еліне саяхат

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық

Бөлімі: Қарапайым математика білімдерін қалыптастыру, жапсыру

Тақырыбы: Математика еліне саяхат

Мақсаты: Математикалық білім мен ұғыдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру. Мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетиалық талғамын қалыптастыру.

Қажетті құрал: 1-ден 5-ке дейінгі сандар, нүктелі карточкалар, түймелер, жіптер, әртүрлі фигуралар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, слайд

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Таңғы шеңбер:

Қайырлы таң Туған Жер,

Қайырлы таң Көк Аспан,

Қайырлы таң Жер Ана,

Қайырлы таң балалар!

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы таңғы шеңбер жасайды

Ұйымдастырушылық ізденіс

Сюрприздік сәт:

- Балалар айналамызға қарайықшы, не көріп тұрмыз?

- Яғни, біз қайда келдік?

- Қараңдаршы кейбір сандар, гүлдер жартылай. Біз осы жартылай сандардың, гүл дердің жартысын екі топқа бөлініп тауып алуымыз керек.

/төбеде жартылай сандар мен гүлдер ілулі тұрады/

- Тапсырма орындамас бұрын ережелерді еске түсірейік:

- тапсырманы мұқият тыңдаймыз;

- бір-бірімізге кедергі болмаймыз;

- толық жауап береміз;

- бір-бірімізге көмек көрсетеміз;

- тапсырманы толық орындаймыз.

Математика сабағы.

1-санының тапсырмасы:

1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.

2-санының тапсырмасы:

«Сиқырлы нүктелер». Шарты: берілген нүктелерге тиісті сандарды қою.

. . .

. .

.лл


1 2 3

3-санының тапсырмасы:

Үлгі бойынша суреттерді штрихта.


Сергіту сәті:

Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

4-санының тапсырмасы:

«Сиқырлы түймелер».

Шарты: түймелерді жіптерге тізе отырып әртүрлі моншақ, браслет, сағат жасау.

5-санының тапсырмасы:

Компьютермен жұмыс.

6-санының тапсырмасы:

«Танграм» ойыны

Шарты: Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады. Фигуралар бір - біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады.


Жапсыру сабағы.

Дәстүрден тыс технология бойынша гүл жапсыру. Сабағын - шөптен, гүлді - қағаздан бүктеп қиып жапсырады.

Балалар қызығушылық танытады.

  • Пішіндер, сандар, гүлдер.

  • Математика еліне келдік.


-Балалар ережені есте сақтап, белгі бойынша екіге бөлінеді


-1,2,3,4,5

-5,4,3,2,1

-екі нүктеге 2 санын қойдым

-бір нүктеге 1 санын қойдым

-үш нүктеге 3 санын қойдым, т.б.


Үлгі бойынша суреттерді штрихтайды.





Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды

Үлгі бойынша түймелерді жіптерге тізе отырып әртүрлі моншақ, браслет, сағат жасайды.


Компьютер арқылы тапсырмалар орындайды


Үлгі бойынша әртүрлі фигуралардан кәмпит, үй, зымыран, қайық, т.б. құрастырады

Практикалық кезең

Рефлекстік түзету

Қортынды. Рефлексия.

Балалар алгаритм арқылы сабақты қортындылайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тура және кері санай біледі; суретті штихтай біледі; геометриялық пішіндерді атай алады.

Игереді: қисынды тапсырмалар арқылы.

Меңгереді: эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.











№16 «Балдәурен» бөбектер бақшасы

Коммуналдық Мемлекеттік

Қазыналық Кәсіпорын











Ашық көрініс

ҚМТҚ сабағы

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Ортаңғы «Б» тобы









Тәрбиеші: Скендирова Г.Х.





© 2010-2022