Айналайын ақ әжем әжелер сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту.Ұлттық асыл мұрамызды,отбасылық тұрмыс-салтын,жақсы үлгі өнегесін үйрету,мейрімділікке баулу.

Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар,ата-аналар,қадірменді қонақтар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Әйелдер күні құтты болсын! Әлемнің жарығын сыйлаған ана болса, сол ананың анасы-әже сенен мейірім шапағатын аямайды, тіпті кейбір әженің мейірімі сонша, немересіне «тас емшегі жібіп ақ сүті бұлақ болып ағады-әженің аналық сезімі туған анадан да жоғары болады.Олай болса, «Айналайын,ақ әжем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Сайысымызды бастамас бұрын,біздің сайсымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

1Балабақша меңгерушісі:__________________

2._________________

3.Ата-ана комитеті

Жүргізуші:

Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем.

Асылайын мойныңа

Еркелейін қойныңда

Шөпілдетіп сүйейін

Әжелердің тойында-дей келе әжелерімізді ортаға шақырайық! (күй,әуен ойнайды)

1 номерлі Жүгінісов Әлидің әжесі-Күрең әже

2 номерлі Знадин Мирастың әжесі-Несібелі әже

Жүргізуші:

Ал,кәнекей,ағайын,

Асқақ әнге салайық,

Басы болсын бұл тойдың,

Шырқап әнге салайық-тойымызды

«Әжемнің шәйі» әнімен бастайық.

Әнді орындайтын қыздарымыз Жолумбетова Аяулы, Арманай

Жүргізуші:Сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейін.

1. «Тегін білу тектілік» (таныстыру)

2. «Өнер алды- қызыл тіл» (бесік жыры)

3. «Менің ертекшіл әжем» («Ертөстік» , «Қарлығыштың құйрығы неге айыр?»

4. Салт дәстүр -алтын қазына

Жүргізуші:

Әжелер келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дуға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдетпен, ізетпен танысуға -дей келе әжелеріміз өздерін таныстырып өтуге береміз.

Жүргізуші:

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сізді сонша ақсап ел,

Би билеп, ән салып береді -келе өнерлерін кезекті өнерлерін көрсетуге береміз (әжелер өнерлерін көрсетеді).

Екі сайыстың ұпайын, әділқазылар береді.

«Айгөлек» тобының бүлдіршіндері көктем мерекесіне арналған сән үлгісін көрсетеді.

1 номерлі . Алидің әжесі -Күрең әже

2 номерлі.Мирастың әжесі -Несібелі әже

«Менің ертекшіл әжем» сайысы. Бұл сайыста әжелеріміз ертегіні таныстырады.

Жүргүзуші:

Тосып тәтті, дәмдіні

Ол бар жерде бал жедім

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.

Жүргізуші:

Әжелерім асыл менің ақылды,

Ажыратар алыс пенен жақынды

Үйретеді салт дәстүрді әжелер -дей келе салт -дәстүрге байланысты әжелер өздерінің ойға түйгенін көрсетеді.

Жүгінісісов Әлидің әжесі -Күрең әже тұсау кесу рәсімін,

Зинадин Мирастың әжесі -Несібелі әжесі бесікке салу рәсімін жасау.

Жүргізуші:Әділқазылар бағаларын бағалағанша Еркебұлан Аида, Амангелді Кәусәр , Жамиева Жансая есімді қыздарымыз «Айналайын анашым» әнін орындайды.

Жүргізуші: Сіздер бүгін әжелеріміздің батылдығы мен тапқырлығына куә болдыңыздар. Ендігі кезек әділ қазылырдың қорытынды бағасында. (құттықтау сыйлықтар тапсыру).

© 2010-2022