8-наурызға ертеңгілік. Мерекеңмен Анашым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мерекеңмен анашым!»

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1 - жүргізуші: Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол - анамыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз - аналар мерекесіне арналған «Мерекеңмен анашым!»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Ерали:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Ұлмекен:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Хор; «Ақ мамам»

Дидар:

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Данияр:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Дархан:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Ваня:

Вот какие наши мамы

Мы всегда гордимся вами

Умными и милымы

Добрыми, красивыми!
Би: Қазақ биі. Қыздар тобы

Тәрбиеші:

Балалар, көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- күн жылынады
- қар ериді
- құстар ұшып келеді
- ағаштар бүр жарады
Дұрыс балалар. Көктем мезгілінде табиғат шаттанып, жыл құстары қайта оралып, малдар төлдеп, тіршілік жаңарып қалады.
Әдемі әуен ойнайды.
Тәрбиеші: Біздің мерекеге қонақ келе жатқан сияқты. Кім екен?
Залға көктем келеді.

Тәрбиеші:

Саламат па ару көктем!
Сені асыға күттік көптен.
Жер - анамыз бір бусанды,
Күн де нұрын төгіп көптен.
Ару көктем:

Сәлем, сәлем, балақайлар!
Әзиз әже, назды апайлар!
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар, алақайлап!
Құстар әнін ала келдім
Жерге кілем жаба келдім,
Жан бітіріп табиғатқа
Гүлдерімді ала келдім.
Тәрбиеші: Қош келдің Ару көктем, күннің нұрын алып келген!
Ару көктем: Мен Ару көктеммін, өзіммен бірге күннің жылуын, қызғалдақтың жұпар иісін, шуақты күндерді ала келдім. Қыздарды, аналарды, әжелерді және апайларды мерекемен құттықтауға келдім!

Олай болса Ару көктем жоғары шығыңыз.
Ән: «Сенің Анаң алтын» орындайтын ару қыздарыңыз Алина

Би: Вальс

Ойын: «Кім көп сөз біледі?».
Ортаға 2 ана шығады. Оларға қарама - қарсы балалары тұрады. Анасын баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөздер айтуы керек. Мысалы, айым, күнім, жұлдызым, алтыным, күмісім,…,…, Көп сөз айтқан ана жеңіске жетеді.

Сырт жақтан «Мама - мама» деген үн шығады.
Тәрбиеші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын?
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын.
Қоянның қасына келіп: Әй қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі. Нанбасаң қара! (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.
Екеуі: Біз мамамыздан адастық.
Аю: Мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп - сұлу, әп - әдемі!
Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.», - деп үшеуі дауласады.
Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға: Қарқ, қарқ, бұл не айқай - шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет, қарға! Біз мамаларымызға кеттік, алақай!
Қарға: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.
Барлығы шығып кетеді.

Тәрбиеші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды.

Би: Қаражорға

Ару көктем: Балалар, көктем мерекесі тек қана аналардың мерекесі емес, сонымен қатар әжелердің де мерекесі. Сендердің әжелерге де айтатын тілектерің бар шығар.
Ән: « Сағындым әже»

Құсайын Зере:

Айтатын көп әңгімем,

Тыңдасаңыз бар енді.

Бұл күні мен алдымен,

Құттықтаймын әжемді.

Мадина:

Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем апамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді.

Абдулла:

Бабушек добрых, любят все дети

Бабушкам добрым, наши приветы

Үнді биі: қыздар мен ұлдар тобы

Айша мен Данияр

Алина мен Сырлан

Хор; «Құттықтаймын, мама!»

Тәрбиеші:

Рахмет Сізге, Ару көктем!
Осы күнді бар бала
Тағатсыз - ақ күткенді,
Сыйлықтарын сіздерге
Сыйлайтұғын сәт келді.
Біздің балалар да аналарына, әжелеріне өз қолдарымен дайындаған кішкене сыйлықтарын сіздерге сыйлауға рұқсат етіңіздер.
Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.

Тәрбиеші: Құрметті Әжелер мен аналар! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен бірге келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық еш нәрсе жоқ.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын.
Ешқашан да қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі «Мерекеңмен анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет.


© 2010-2022