Шағын орталықтарда Менің елім-Қазақстан атты тақырыбына ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Краснознаменное «Айгөлек» шағын орталығы

Тәрбиеші: Режабова Жадра Нуралықызы

Ортаңғы топ

Білім беру саласы:Қатынас Әлеумет

Бөлім: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен танысу

Тақырып: «Менің елім - Қазақстан»

Мақсаты:Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту. Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін толықтырып нақтылау. Өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының картасы.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымыз, басқа күндерден қарағанда ерекше, өйткені бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр. Келген қонақтармен амандасайық.

Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан»

Сабақтың барысы:

Өткенді қайталау:

  1. Біз қандай республикада тұрамыз? (картадан көрсету)

  2. Біз тұратын қала қалай аталады? (картадан көрсету)

  3. Республикамыздың астанасы қай қала? (картадан көрсету)

  4. Еліміздің ел басшысы кім? (суретін көрсету)

Балалар, бөлмеге қараңдаршы топта 3 шкаф қатар орналасып тұр, не үшін екен? Олар сандармен белгіленген.

1 саны бар шкафты ашып қарайық онда не бар екен?

Мынау дискқой балалар! Мұнда не жазылыпты қарайық.

Бұл дискте Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі әнұран бар екен.

Үнтаспаға қосайық. (Балалар әнұранда орындайды)

Ал, екінші шкафта не бар екен? (2 шкафтан туды алып шығып)

Балалар, бұлда Қазақстан Республикасын ерекшелендіретін рәміздердің бірі ту.

Қайталайық ту.

Тудың түсі қандай? (көгілдір)

Ол ашық аспан түсі.

Тудың ортасында ненің суреті? Күн

Күн бейбітшіліктің белгісі. Ал күн астында қыран құс еркіндіктің белгісі. Тудың шетінде ою. Ол қазақ халқының өнері мәдениеті.

Сергіту сәті:

Көк аспандай көкпен-көк

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

Ал, енді балалар, 3 саны бар шкафты ашайық.

Ішіндегі бұл балалар Қазақстан Республикасының елтаңбасы.

Елтаңбада шаңырақ бейнеленген ол отбасының бақытын білдіреді. Жоғарыдағы жұлдыз достықты білдіреді. Екі жағында тұлпарлардың суреті бейнеленген.

Сол сәтте есіктен Хат тасушы кіріп келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе!

-Менің кім екенімді тапсаңдар сендерге сыйлық беремін

-Хат тасушы

Жарайсыңдар балалар хат тасушы ол хаттарды жеткізуші. Сендер болашақта кім болғыларың келеді армандарыңды айтыңдаршы? (балалардың сөздері тыңдалады)

Хат тасушы: Балалар, сендерге көрші Ресейден хат келді.

Хат тасушы сіз отырып деміңізді алыңыз, біз хатты оқиық.

Здравствуйте дорогие дети из Казахстана! Пишут Вам дети из России. Мы очень хотим подружится с Вами. Напишите нам о себе, раскажите о своей Родине. Мы посылаем Вам свой рисунки. Ждем вашего письмо.

Балалар, мына хатта біздің көрші мемлекеттің балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты және өздерінің суреттерін жіберіпті.

Бізде достарымызға жіберейік. Кәне Еліміздің суреттері бейнеленген суреттерді бояп хатқа салып жіберейік.

Хат тасушыға хатты беріп онымен қоштасайық.

Жарайсыңдар балалар! Енді біздің суреттерден достарымыз Еліміздің бай, көрікті екенін түсінеді, балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар. Енді біз ұлттық ойынымыз, «Асық» ойынын ойнайық.


© 2010-2022