Тренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бұланды ауданы










«Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг»

(АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ)








Дайындап өткізген балабақша психологы: Ж. З.Каменова











«Балдырған» мектеп - балабақшасы


2014 - 2015 оқу жылы

Тақырыбы: Инклюзивті білім беру.

Мақсаты: Мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуге, балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, ақыл-ой, адамгершілік, физикалық, эмоционалдық, танымдық қабілеттерін дамытуға писхологиялық бағыт - бағдар беру.

Көрнекіліктер: Бейнемультфильм, слайд, конструкторлар, көзілдірік, қолғаптар, құлақ таңғыштар.

Психологтың кіріспе сөзі: Қазіргі таңда инклюзивті білім беру немесе «Білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Осыған орай құрметті ата - аналар сіздермен шағын тренинг өткізгелі отырмын.

Алдымен барлығымыз бір - бірімізбен амандасып алайық. Амандасу тәсілін сіздерге түсіндіріп өтемін. Үш түсті алақан көрсетемін, оның өз амандасу тәсілі болады:

Жасыл түсті алақан - қол беріп амандасу.

Қызыл түсті алақан - арқамен амандасу.

Сары түсті алақан - құшақтасып амандасу.

Тренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг


І бөлім:

«Құшақтасу» жаттығуы


Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату, бір - бірін бөлектемеу.

Қатысушылардың біріншісі біреуін құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі ол үшеуін солай жалғаса береді, соңында үлкен құшақтасқан- шар пайда болады. Микротоп арасындағы пікірлесу жаттығуы, белсенді емес адам шетте қалып қоймауын қадағалау.

Қатысушылар өзара ой бөліседі.

Тренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг


ІІ бөлім:

«Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу


Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі.

  • Бізге ұрысып жатыр;

  • Бізді мақтап жатыр;

  • Бізге қорқынышты;

  • Бізге көңілді;

  • Тақтада жауап беріп тұрмыз;

  • «5» алдық;

  • «2» алдық;

Қатысушылар өзара ой бөліседі.


Тренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг

Сергіту сәті:

1. Шабамыз -шабамыз - шабамыз (алақандарымен ақырындап аяқтарын

соғады, қаттырақ соға бастайды)

2. Барьер (қолдарын алдарына қойып барьердан секірген болады)

3. Солға бұрыламыз (Қолдарымен сол жақтарын көрсетеді)

4. Жаңбыр (Бір - бірінің арқаларынан соғады)

5. Оңға бұрыламыз ( Қолдарымен оң жақтарын көрсетеді)

6. Финишка жеткенде (Қолымызды жоғары көтеріп, урааа!)

Нұсқаушының айтуы бойынша қимылдар 3-4 рет қайталануы мүмкін.


«Қорап» жаттығуы


Өз тілектері бойынша 3 қатысушы ортаға шақырылады. 1 қатысушы аяғын 2 аяқ киім қорабына салады, ал, 2 қатысушы екі жағынан аяқтарын салып, бөлмеде жүрулері керек.

1-тапсырма, екі жағындағылар бір-бірімен ақылдаспай бөлмеде жүреді;

2-тапсырма, екі жағындағылар ақылдасып жүреді.Соңынан талқылауға сұрақтар қойылады:

-Қозғалуға ыңғайлы болды ма?

-Қай қатысушыға жылжу қиынырақ болды?

-Ортадағы ойыншы қай кезде жеңіл, сенімдірек жылжиды? Екі жағындағы қатысушылар қозғалуға көмектесе отырып бір бағытта жүргенде ме, әлде, әр қатысушы өз бағыты бойынша қозғалғанда ма?



ІІІ бөлім:

Психолог: Өте жақсы, рахмет. Енді маған өз қалауы бойынша 8 адам керек. Ал қалғандарыңыз орындарыңызға отырып көрермен болуға болады. Сіздер екіге бөлініп столдың жанына барып отыруларыңызға болады.

Стол үстінде:

1. Нашар көретін көзілдірік - нашар көретін адамның белгісі.

2. Құлақ таңғыш - құлағы естімейтін адамның белгісі.

3. Мүлдем ештеңе көрмейтін көзілдірік - көзі мүлдем көрмейтін адамның

белгісі.

4. Қолғап - саусақтары дұрыс дамымаған адамды білдіреді.

Осылайша үстел үстінде отырған адамдар заттардың барлығын пайдаланады. Содан кейін олардың алдарына конструктор беріледі. Конструктордан бір топ үй, екінші топ машина құрастырып шығарулары тиіс. Уақыт 5 минут. Уақыт біткеннен кейін қатысушылар өздерін қалай сезінгендері жайлы айтып береді.

(Ой бөлісу)

Тренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг


Тренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренингТренинг по психологии Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық тренинг

ІҮ. бөлім. «Бейнемультфильм»

Қорытынды: Еліміздің ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Олардың қатары жыл сайын өсіп келе жатқандықтан, балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Қазіргі олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. Осыған орай құрметті ата - аналар, бүгінгі тренингімізді сіздермен өткізіп отырған себебім, мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі жан - дүниесін сезіне білуге, олардың жағдайын түсіне білуге мүмкіндік жасап, сіздерге ескеруді жөн көрдім.

© 2010-2022