Урок по теме Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті (2-Курс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:

Топ/ Группа/ Group:

Пән/ Предмет/ Subject: Мектепке дейінгі педагогика

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: тренинг

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: практикалық сабақ

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Оқушы-студенттердің мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті-ойынның түрлері жайында түсініктерін бекіту, олардың жұмыс барысындағы ерекшеліктерге тоқталу,машықтанумен байланыста көрсете отырып, таныстыру маңызын ашып көрсету.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Өткен тақырып туралы білімдерін жүйелеп,шағын мәлімдеме жасау,құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын,танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,ойлауды белсенді ететін теңеу қабілеттерін дамыту.өз пікірлерін қорғай білу,таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: елжандылыққа,кәсіби сапалы қызмет жасауға,адамдармен тіл табыса білу қабілеттілікке,азаматтық жоғары ұстанымда болуға баулу,өз мамандықтарын сүйе білуге , балалармен жұмыс барысында мейірімділікпен қарап,ілтипатты болу,жақсы көзқарастармен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: интерактивті тақта, бейнетаспа,нормативті-құжаттар,слайдтық презентация,қима қағаздар,тест сұрақтары.

Сабақтың жоспары/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мақсатқа жету

  3. тақырыпты хабарлау.

  4. Ойын: «Педагогикалық негізгі түсініктер»

  5. Негізгі бөлім: бағыттаушы ой-түйін

  6. Шағын топтарға бөліну,Ойын «Броундық қозғалыс»

  7. Топ тапсырмасы

  8. Ойын-біз актерміз (машықтанумен байланыс)

  9. Материалды бекіту.

  10. Үй тапсырмасы

  11. Қорытынды жасау.

Әдебиет/ Литература/ Literature:

  1. Отбасы және балабақша \\ Мектепке дейінгі педагогика .В.И.Логинова, П.Г.Саморукова. М., П., 1988 г. Бабанский Ю. Педагогика, 1983

  2. Мектепке дейінгі педагогика Ядешко В.И. и Ф.А.Сохина М., П.. 1986 ж

  3. Байтұрсын ұлы А Шығармалары. Алматы 1989

  4. Аймауытұлы Ж Тәрбиешіге жетекші( үзінділер).Дайындаған С.Қалиев « Қазақстан мектебі » // 1991 №6

Сабақ мазмұны.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning. Бірыңғай талап бойынша студенттерді тексеру, сыртқы пішініне назар аудару, кімнің жоғын ескеру.(3)

Психогимнастиканы жүргізу.

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Сәлем, сәлем, сәлем!

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық, күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы

2.Бүгін практикалық сабақ.

тақырыпты хабарлау. Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті

«Балаға керегі - ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы - ойын. Ойында бала көрген-білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».

Нәзипа Құлжанова

Сабақтың мақсаты:өткен тақырып Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті атты тақырып болатын осы бойынша білімдерімізді жүйелеп еске түсіреміз.Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қойылатын талаптар туралы түсінігімізді молаятамыз.сабақ бойы сендер өздеріңді бағалау парақтарымен жұмыс жасайсыңдар.Әрбір жасаған жұмыстарыңа өздерің талдау бересіңдер.Бағалау бес балдық жүйеде болады.Бағалау парағының соңында 35 бал жинаған студент-5, 34-4, 33-32-3,30-2-деп бағаланады.

Түрткілеу: неліктен біз осы тақырыпты оқимыз?Қалай ойлайсыңдар?

Қазақстандағы білім беру жүйесі «Білім беру туралы»заңға жүгінді.Осы білім беру заңының мазмұнынында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету керектігі туралы баса айтқан.Осы білім туралы заңның 2-бөлімінде Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады деп баса айтқан. Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр - бәсеке ғасыры деп баса айтып өтті.Олай болса әрбір педаогтың өз ісінің маманы болуы бүгінгі күн талабы.

Тренингтің басталуы: Ойын: «педагогикалық негізгі түсініктер»

Негізгі бөлім: Бағыттаушы ой-түйін

Ойын -мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балаларды қоршаған өмірді-адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында іс-әрекет пен сөздің ұштасуы өзара байланыста жүреді.Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны - адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру - бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді.

Енді осы ойынның бала өміріндегі маңызы, оны ұйымдастыру әдістемесі жайында ой бөлісеміз.

-Біз алдыңғы сабақта 3-топқа бөлініп, тапсырмалар алған болатынбыз.Бүгін сол топтар өздерінің тапсырманы қалай орындағанын көрсетеді.

Шағын топтарға бөліну.

Ұсынылатын тапсырмалар:

1-топ:

Ойынның өзіндік ерекшеліктері,ойын-балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы (жеке ойлану, жұппен талдау, ауызша сипаттау)модель құру.Топ өздерінің осы тақырып бойынша тұсаукесерлерін жасайды.Өз пікірлерін ғылыми тұрғыда қорғауға тырысады.

2-топ

Балалар өмірін ұйымдастырудағы ойынның рөлі.

жеке ойлану, жұппен талдау, ауызша сипаттау)модель құру.

3-топ

Мектеп жасына дейінгі балалаар ойынының түрлері.

жеке ойлану, жұппен талдау, ауызша сипаттау)модель құру.

Топ жетекшілері баяндайды.

Екінші берілетін тапсырма әр топ өздеріне берілген ойынның әзірлемесін жасап,ойынды балалар және педагог рөліне ене отырып ойнап шығады.

1-топ:Мазмұнды-рөлодік ойынды ұйымдастыру.(педагогикалық зертханада өтеді)

2-топ: Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру.(интерактивті тақтамен)

3-топ Қимыл-қозғалыс ойындарды ұйымдастыру.(арнаулы шағын залда өтеді)

Б ірінші екінші топ интерактивті тақтады «Не өзгерді?» атты дидактикалық ойынды ойнайды.

Екінші ойнайтын 3-топ «Түлкі тауық және оның балапандары» атты қимыл-қозғалыс ойыны.

Үшінші сюжетті-рөлдік «Шаштараз» ойынын ойнайды. Топ ойнап жатқанда қалған топтың студенттері бақылап тұрады.

«Шаштараз» ойынын ойнап болған соң талдау қағазы ұсынылады.

Студенттер ойынды, педагогтың ұйымдастыруын, студенттердің бала рөліндегі ойынын толық талдайды.Алдарындағы бағалау парақтарына бағалау жазады.

Рефлексия: Еркін пікір

Бағалау парағымен жұмыс. Бағалау.

Үй тапсырмасы. «Ойынды қалай ұйымдастырамын» тақырыбына эссе жазу.


© 2010-2022