Ата-аналарға психологиялық жадынама Үш жастың дағдарысы жане оны қалай женуге болады

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар не істей алады:

- Балаңыздың қыңырлығы мен қырсықтығына көңіл аудармаңыз; Оның қылығын көріп тұрсаңызда оған аса алаңдаушылық танытпаңыз.

- Ол кезекті қылығын көрсеткен кезде қасында тұрып, оны түсініп тұрғаныңызды көрсетіңіз.


- Бұндай кезде балаға бірнәрсе айтып көндірем деп әуреге түспеңіз, бұл еш пайда әкелмейді. Ұрысу бос әуре, шапалақпен соғып қалсаңыз одан бетер қырсыға түседі.


- Бала арасындағы тәртібіңізде табандылық танытыңыз. «Жоқ» десеңіз, сол ойыңызда ұзақ уақыт қалуға тырысыңыз.


- Баланың кезекті қылығы қоғамдық орында « ұстап» қалса да, өз дегеніңізден таймаңыз. Бұндайда бір ғана жайт- баланы қолына ұстап осы жерден алып кету ғана көмектеседі.


- Жылауықтық пен қыңырлық көрермендерд і қажетсінеді, сондықтан да жұрттың көмегіне жүгінуден: « қарашы, қандай жылауық қыз, ұят-ай» т.б. жүгінуден бас тартыңыз, балаға керегі де осы.


- Қулықпен жеңуге тырысыңыз: « Қарашы, қандай қызықты ойыншық, ( кітап, т.б.) , «Ана қара қарға ұшып кепті» т.с.с деп алдаусырату жағдайлары қандай жылауық баланың назарын аударуға, оның сабырға келуіне ықпал етеді.









Баланың қырсықтығы мен бірбеткейлігі жайында ата-аналарға білуге қажетті жағдайлар:

  • баланың қырсықтығы мен бірбеткейлігі 18 айдан кейін басталады

    - әдетте бұл фаза 3,5-4 жасқа қарай қалады. Ересек жаста анда-санда болып қалатын бірбеткейлік те қалыпты жай.

    - бірбеткейліктің шегі 2,5-3 жас

    - Ер балалар қыздарға қарағанда бірбеткей болып келеді.

    - Қыздар ұлдарға қарағанда қырсықтау (жылауық) болады

- Дағдарыс кезінде қырсықтық пен бірбеткейлік балалар бойында жиілеп кетеді, күніне 5 рет. Кейбір балаларда 19 ретке дейін!

- Егер бала 4 жасқа толғаннан кейін қыңырлық пен қырсықтығын жиі қайталап жатса, бұл жерде , баланың өз ата-анасын өз дегеніне көндіру үшін жылауықтық , бірбеткейліек көрсетуі - «реттелген» қырсықтық болып келеді. Көбінесе ата-аналар өз тыныштығын ойлап, баланың осы қылыған көне

салады.

Ата-аналарға арналған

жаднама

Үш жастың «дағдарысы» және оны қалай жеңуге болады







- 2015 -



© 2010-2022