Гаухар ашық сабақ Сүйікті отбасым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымГаухар ашық сабақ Сүйікті отбасымАшық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: Сүйікті отбасым

Білім беру саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

Сүйікті отбасым

Мақсаты

балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Отбасындағы әрбір жанның өз орны бар екенін түсіндіру.Туыстарға құрметпен қарауға, оларды сыйлауға тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер.

Дидактикалық ойындар, отбасылық суреттер, слайдтар, қима суреттер, шар,желімдер,жылжымалы тақта,видео проектор.

Сөздік жұмыс

жылы лебіз

Билингвалды компонент

Ата,Дедушка ,Grandfather, Әже,Бабушка,Grandmоther, Әке,Папа,Father, Ана,Мама,Моther , Үй - Дом - House

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Баларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Қонақтармен сәлемдестіру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан!

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға үшбұрыш және төртбұрышты көрсету , олардан қандай пішін екенін және түстерін сұрау.

Балалар , осы екі пішінді құрастырсақ,ненің бейнесі шықты?



- Ал, осы үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен отбасы деп атайды екенбіз.Олай болса, бүгін біз өз отбасымыз жайлы әңгімелейміз. Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.Олар бір қабатты және де көп қабатты үйлер болып екіге бөлінеді екен.Бір қабатты үйде бір ғана отбасы ал, көп қабатты үйде көпдеген отбасы тұрады екен.Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.

Дұрыс айтасыңдар, ата-анасы мен балалары тұрады.

-Қанекей, бәріміз мына суретке назар аударайықшы.

Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
Ойын: " Мынау кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, отбасы мүшесін 3 тілде атау.

Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көретін, ақ сақалды, кісіні кім дейміз?

(Ата,Дедушка ,Grandfather)

Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім?

( Әже,Бабушка,Grandmоther)

Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,
циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім?

(Әке,Папа,Father)

Кіріңді сенің жуатын
Үйді шаштың деп қуатын
Тамағыңды дайындап
Жақсы көріп тұратын.

(Ана,Мама,Моther)

Саусақ жаттығуы

- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?

Біздің ата-әжеміз барма? Бар болса канекей, маған кім өз ата ,әжесі туралы тақпақ айтып береді?

Балалар ата,әже жайлы тақпақтарын айтады. Ал енді анамыз бен әкеміз жайлы тақпақ білеміз бе?Жақсы балалар сендер отбасы жайлы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер. Енді осы отбасы мүшелері туралы «Кім қайда тұрады?» ойынын ойнап жіберейік. Мынадай үйдің суреті берілген сол үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің үлкенінен бастап орналастырамыз. Суреттерді желіммен жапсырамыз.Балалар жұмыс жасап жатқанда, «Отбасы» туралы баяу ән қосылып тұрады. Сол әуенді тыңдай отырып, жұмыс жасайды.

Дайын болған балалардың жұмыстарын мадақтай отырып, тақтаға ілемін.

Сергіту жаттығуы. «Көңілді күн»

Балалар сұрақтарға төртбұрыш, оның түсі көк, үшбұрыш, оның түсі қызыл деп жауап береді.

Үйдің бейнесі шықты. Адамдар тұрады.

Ата-анасы мен балалары.


Отбасының суреті.

Балалар сөздерді тәрбиешіден кейін қайталайды.

Ата,Дедушка ,Grandfather)

(Әже,Бабушка,Grandmоther)

(Әке,Папа,Father)

(Ана,Мама,Моther)



































Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек - анам.

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек - мен.

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

Отбасы мүшелері туралы

Әже , ата


Балалар ата-әженің, ана мен әкенің атауларын үш тілде айтып, қайталап тілдерін жаттықтырады.

Ата , әже және ана әке туралы білетін тақпақтарын айтады.

Барлық балалардың алдарына дайын үйдің суреті таратылады және тәрелкелерге отбасы мүшелерінің қима суретттерін салып беремін, өздері үйдің терезелеріне өз отбасының мүшелерін желіммен жапсырмалайды.















Балалар музыка ырғағымен тақтадан билеп тұрған балалардың қимылдарын қайталайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту

«Ата-анамды неге теңеймін?» бұл ойынның мақсаты; балалардың өз ата-аналарын қолдарындағы түрлі заттарға теңеуі. Мысалы, анасын гүлге, алмаға, күнге теңеуі мүмкін. Әкесін жұлдызға, бұлтқа теңеуі мүмкін.

«Жүректен жүрекке» балаларды тұрғызып, қолдарына жүрекшені ұстатып, бір-біріне отбасы туралы жақсы ыстық лебіздерін айту. Содан соң, балаларды мадақтап, барлығына жұлдызша таратып, ұымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Балалардың жауабы; анамады мен күнге теңеймін, себебі маған күн сияқты ыстық. Мен әжемді айға теңеймін

Ал, мен гүлге теңеймін, өйткені менің анам гүл сияқты әдемі. Мен анамды алмаға теңеймін себебі анам алма сияқты тәтті.

Мен әкемді жұлдызға теңеймін жұлдыз сияқты жарық. Мен атамды бұлтқа теңеймін бұлт сияқты кең , жақсы адам.



Балалар бір-біріне жүрек шарды ұсынып тұрып, сенің анаң аман болсын, ата-анаң сау болсын, әжең ауырмасын, атаңның дені сау болсын деген сияқты ыстық лебіздер білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

«Отбасы» деген ұғымды. Үйлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуды.

Нені игереді

Отбасы мүшелерінің атауларын, үш тілдегі атауларын.

Нені білді

отбасының,үйдің маңыздылығын,құндылығын білді.



© 2010-2022