Кім жүйрік сайысы Мектепалды даярлық В

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кім жүйрік»

Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау.Балалардың денсаулығын нығайта отырып ойын арқылы әртүрлі қимылды жаттығулар жасау.Екі топ балаларын достыққа, икемділікке, ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да,

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында №7 Е.Халықов атындағы мектепте мектепке дейінгі ұйымында балалар арасында спорттық жарыс өткелі тұр.Бүгінгі өтетін «Кім жүйрік» атты спорттық ойын-сайысымызды бастайық.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз.

Әр таңды бақытпенен аттырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысатын «Қыран», «Тұлпар» топтарын шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Гимні қосылып,орындалады.

Жүргізуші: Спорттық жарысты сараптап отыратын әділ-қазы алқасын сайлаймыз.

Әділ -қазы алқасын сайлау:

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ-қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмаса да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Ал енді, таныстыру рәсіміне көшейік.

Бірінші топ өзімізді таныстырып жіберейік.Сайысты ойнымызды бастағалы тұрмыз.Жаттығу жасап, бойымызды сергітіп алайық.

«Көңілді аэробика» жаттығуы балалармен жүргізіледі.

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінші әліміз,

Алға деген бір-ақ мақсат ұстанып

Сайысқа аттанайық бәріміз.

Сайыстың шарты:

  1. «Кеглилер арасымен жүгіру»

Ойын шарты:Балалар кедергілер арасымен жүгіріп өтеді.Дұрыс, әрі тез орындаған топ жеңіске жетеді.

2.Ойын: «Доппен секіру»

Ойын шарты: Балалар секіргіш доптың үстімен секіреді.

3.Ойын: «Доп соғып жүгіру»

Өнер білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша.

4. Мақал-мәтелдер айтып жарысу.

5. Жапсыру матадан «Көрікті көктем»

6.Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қара жорға жаттығуын балалармен жүргізіледі.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей.

Тараса бізге жарады.

Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.



© 2010-2022