Көркем әдебиет пәні. Көліктер (даярлык тобы)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Көлік суреттері, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

-Ал балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар, апайлар келіп отыр.

1.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу:

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет. /Тікұшақ/

Табанында жолы бар,

Төбесңнде қолы бар. /Трамвай/

Арқасында ауыл жүр

Ала тайым шауып жүр /Автобус/

-Тағы қандай көліктерді білесіңдер?

-Алыс жолға, саяхатқа шыққанда немен барамыз?

-Бұлардың бәрін бір сөзбен айтқанда не дейміз?

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: КӨЛІКТЕР

-Балалар, экранға назар аударып, көліктер туралы шағын бейнеүзікті тамашалаңыздар!

Слайд

Жұмбақ шешу

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. /бағдаршам/

-Балалар, экранға назар аударып, бағдаршам туралы шағын бейнеүзікті тамашалаңыздар!

- Бағдаршам туралы не білдің?

-Бағдаршам жарықтарының қызметін айтып бере аласыңдар ма?

Балалардың жауаптары

Бағдаршамның жасыл жарығы жанса, жүруге рұқсат етіледі.

Сары жүруге дайындалуды білдірсе, қызыл жарық жүруге тыйым салады. ------Балалар, суреттегі ақ жолақты жол нені білдіреді?

Сергіту сәті: Бағдаршам

«Қызыл, жасыл, сары» ойынын ойнатайын.

Қазір мен жасыл жарығын көрсетсем, сендер бір орында тұрып жүресіңдер. Сары жарығын көрсетсем, қол шапалақтайсыңдар. Егер қызыл жарығын көрсетсем, бір орында түзу тұра қаласыңдар.

М.Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен танысамыз.

Бағанға әләнген

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген

Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

-Троллейбусқа кім мініп көрді? /суретімен таныстыра кету керек/

-Троллейбустың автобустан қандай айырмашылығы бар екен?

Ойын: «Кім жылдам»

Үш қатардан бір-бір баладан шығарып, жіпті орау арқылы машинаны тартып алады. Машинаны бірінші тартып алған бала жеңімпаз атанады.

Тапсырма: Балаларға өздері ұнатқан түстерімен көліктерді бояту.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Бояған көліктерді тақтадағы плакатқа , тиісті орнына жапсыру.

Ауа көліктері

Жол көліктері

Су көліктері

Сабақты қортындылау:

-Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Көліктің маңызы қандай?

-жол жүру ережесін не үшін сақтау керек?

-жол бетіндегі ала жол кім үшін?

Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын.

Балаларды мадақтау, бағалау.



© 2010-2022