Тіл дамыту. Тақырыбы: Менің отбасым Сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Сабақ жоспары "Менің отбасым"

ШҚО Көкпекті ауданы

Самар ауылы Ж.Б орта мектебі

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Айткенова Н.А

Білім беру саласы: ҚАТЫНАС

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты:1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.

Қостілділік компонент: семья- отбасы

Шаттық шеңбері: Ынталандыру. Сезімді ояту.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті, міне, бойларың

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

Ғажайып сәт.(Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)

- Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)

- Кәнеки, олай болса ашып көрейік. Ия, ол үй екен, не үшін керек?

- Онда адамдар тұрады.

Негізгі бөлім:

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына суретке назар аударайықшы, кімдердің суреті?

- Ата, әже, әке, ана бала.

- Отбасы - ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын адамдар тобы.

Отбасы мүшелеріне - ата, әже, әке, ана, бала жатады.

- Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек - апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек- сен

Сөздік жұмысын жүргізу

Нағашы ата- анасының әкесі

Нағашы әже- анасының анасы

Немере - ұл- қыздарынан туған бала.

«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балалар, менің кім туралы айтып тұрғандарымды ойланып табыңдар.

- - Ақ сақалды, өте мейірімді, бау- бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- - Ата.

- - Өзі өте мейірімді, ақ шашты, жылы сөзін аямайтын, қолғап, шұлық тоқып беретін кім?

- - Әже.

- Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.

Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:

Әке- асқар тау,

Ата - етегіндегі бұлақ

Бала - жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.

Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.

Сергіту сәті:

Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /

Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/

Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/

Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/

Дәптермен жұмыс. 1. Шатасқан жолдар арқылы әженің үйіне баратын жолды бояу.

2. «Кім жоқ?» дидактикалық ойыны

Қорытынды: Сұрақ - жауап әдісі арқылы тақырыпты бекіту.

Отбасы деген не?

Отбасы мүшелерін ата.

Балаларды мадақтау.

© 2010-2022