Құстар – біздің досымыз

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Әлеуметтік орта:Шығармашылық:Қатынас:Оқу іс - әрекеті: Айналаны қоршаған орта. Экология Мақсаты: 1. Балаларды құстар туралы білімдерін тиянақтау. 2.Байланыстырып сөйлеуге. Тіл дыбыстарын анық, нақты айтуға дағдыландыру. 3. Халық ауыз әдебиетін нұсқауларын пайдалана отырып балаларыдың тілдік қорын молайту. 4.Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу
Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тлеккабулова Гульмира Газизовна

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Әлеуметтік орта:
Шығармашылық:
Қатынас:
Оқу іс - әрекеті: Айналаны қоршаған орта. Экология
Мақсаты: 1. Балаларды құстар туралы білімдерін тиянақтау. 2.Байланыстырып сөйлеуге. Тіл дыбыстарын анық, нақты айтуға дағдыландыру. 3. Халық ауыз әдебиетін нұсқауларын пайдалана отырып балаларыдың тілдік қорын молайту. 4.Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, тақпақтар, тыйым сөздер, сөз жұмбақтар, құм, қағазбен жұмыс.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, ұя, жұмыртқа, жиырма қағаздар
Шаттық шеңбері
Көбелектер тұрып ертемен
Күлімсіреп керілді
Бір - шықпен бетін жуды
Екі - шыр айналып бұрылды
Үш - еңкейіп жерге жетті
Төрт - дегенде ұшып кетті
Бес - дегенде қонды.
Табиғат нешеге бөлінеді

Өлі Тірі
Жаңа ақпарат
Табиғат дегеніміз - аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.
Сәлеметсіздер ме, балалар, мен сіздерге қонаққа келдім.
Менің ұямдағы жұмыртқаның түсі, пішіні қандай?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Құстардың ұқсастықтарын білесіздер ме? Шымшық

Құстардың денелері қандай пішіндерге ұқсас?



Құстардың жақсы қасиеттері
• Аққудың - адалдығы
• Қарлығаштың - адаммен достығы
• Қыранның -батылдығы
• Тотықұстың - әдемілігі
• Сауысқанның - сақтығы

Тыйым сөздер
• Құстың ұясын бұзба
• Құстың жұмыртқасына тиіспе
• Құсқа тас лақтырма


Сергіту сәті
Күн шықты, күн шықты
Ұядан кім шықты
Мен шықтым, сен шықтың
Шымшық, шымшық ұядан шық
Шымшық, шымшық жем әкел
Көп әкел, тез әкел
Балапандарың тойсын, шырылдауын қойсын
Шымшық, шымшық тез шық.

1. Шығармашылық жұмыс Құммен өрнектеу
2. Шығармашылық жұмыс Өрнектегі құс бейнесін табу
3. Шығармашылық жұмыс Мен табиғат бөлшегімін Өзін табиғатқа теңеп, суретпен көрсету




© 2010-2022