- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Тіл дамыту тақырыбыны - Ә. Табылдиев Машина
Тіл дамыту тақырыбыны - Ә. Табылдиев Машина
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Абишева А.Э. |
Дата | 11.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Ә.Табылдиев «Машина»
Мақсаты: Білімділік.Балаларға көліктер туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету; сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық. Сөздік қорларын толықтыру,дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.
Тәрбиелік. Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі көлік суреттері,түрлі көліктер мен мамандардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиеші балалардың шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектер айтудың ұйымдастырады. Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.
Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі,бір-біріне ыстық тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Үлкенмін ғой,міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
-Мен не туралы өлең оқыдым?
-Балалар, айтыңдаршы, кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Бақытжан,сенде қандай оыншық бар?
-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Көліктің түрлерін көрсетеді
(3-4 түрін көрсету).
Алдымен жүк көлігін көрсету.
-Мына көлікті жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды.
Ол не тасиды екен?
-Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр-гүр-гүр» деген дыбыс шығарады.Кәне, бәріміз қайталаймыз.
-Балалар, мынау қандай көлік?
Автобус
-Мына көлікті автобус көлігі дейді . Бұл көлікпен адамдар тасиды.
-«В-в-в» деген даусымыздың ырғағы төмен шығады.Қайталаймыз.
-Ал мынау қандай көлік? Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.
-«Ыың-ың-ың» деген даусымыздың ырғағы төмен шығады.Қайталаймыз.
-Ал мынау қандай көлік?Бұл-пойыз. (Пойыз көлігін сипаттау.)
Сергіту сәті:
Бөп-бөп, пыш-пу...
Мен ең күшті
Меннен күшті
Кім бар? Пыш-пу!
Теміржолшы
Абай болшы:
Жол ашып қой,
Жер қашық қой!
Бу-бу-бу!
Бө-ге-ме!
Д/О: «Кімді,нені қай көлікке отырғызамыз?»
(Сызық арқылы қосу).
Билингвальды компонент:
Жеңіл көлік-легковой транспорт,
Жүк таситын көлік-грузовой транспорт,
Пойыз-поезд.
Өлеңді тындайды.
-Машина
-Машина бар.
-Жүк таситын,жеңіл көлік.
Суретті қарайды, жауап береді.
Құм тасиды,
Тас тасиды.
-Гүр-гүр-гүр.
-Автобус
В-в-в-деп қайталайды.
Ыың-ың-ың-деп қайталайды.
-Адамдар отырады.
Балалармен қимылмен көрсетеді.
Тәрбиеші көмегімен тапсырманы орындайды.
Екінші бағандағы суреттерді көлік түрлерімен сәйкестендіреді.
Балалар қайталайлы:
Жеңіл көлік-легковой транспорт,жүк таситын көлік-грузовой транспорт,пойыз-поезд.
Рефлексиялық-түзетушілік
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті машиналары тураы сұрау.
-балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
-Көліктердің қандай түрлері бар?
Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Балалардың жауабы тындалады.
Біледі: Көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы.
Меңгереді: Көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді меңгереді.
Игереді: Сұраққа толық жауап бере білуді игереді.